Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Барлық ықтимал инвестиция түрлерін келесі негізгі топтарға бөлуге болады



бет75/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Барлық ықтимал инвестиция түрлерін келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестиция. Мұндағы мақсат – жабдықтарды ауыстыру, қызметкерлерді оқыту немесе өндіріс қуаттарын өндірістік жағдайы неғұрлым қолайлы аймаққа көшіру есебінен кәсіпорын шығындарын төмендетуге жағдай жасау;
- өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестиция. Мұндай инвестицияның міндеті – бүгінгі өндіріс шегінде бұрын қалыптасқан нарыққа арнап тауар шығару мүмкіндіктерін кеңейту;
- жаңа өндіріс құруға бағытталған инвестиция. Бұл инвестиция кәсіпорын бұрын - соңды өндірмеген мүлдем жаңа тауар шығаруға (немесе жаңа қызмет түрін көрсетуге) немесе бұрыннан шығаратын тауарымен жаңа нарыққа шығаруға әрекет ететін кәсіпорындарға мүмкіндік береді.
- мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті инвестиция. Инвестицияның бұл түрі кәсіпорын үкіметтің экологиялық стандарттары немесе өнім қауіпсіздігі жөніндегі, не болмаса басқа да бір менеджментті жетілдіру есебінен ғана қол жеткізу мүмкін болмайтын талаптарын қанағаттандыруы тиіс болған жағдайда керек болады.
Инвестицияларды бұлайша саралау себебі олармен ұштасатын тәуекелдіктің әр түрлі деңгейлігімен түсіндіріледі.
Инвестиция түрі мен оның тәуекелдік деңгейінің арасындағы тәуелділік инвестиция аяқталғаннан кейін кәсіпорынның жұмыс нәтижелерінің өзгерісі нарықтың жауабына дәл келмеу дәрежесімен анықталады.
Осы тұрғыдан қарағанда, нарыққа беймәлім жаңа өнім шығаруды мақсат тұтқан жаңа өндірісті ұйымдастыруы жоғары белгісіздік дәрежесіне ие болса, бірақта нарықпен қабылданған тауарды өндіру тиімділігін арттыру арқылы (шығынын төмендету) инвестицияның келеңсіз нәтиже беру қаупін азайтуға болады. Мемлекеттік басқару органдарының талабын орындау үшін жұмсалған инвестицияның да тәуекелдік деңгейі төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет