Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет65/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Тбөн = П100/( НҚ+ АҚ),%

Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын көрсетеді:




Тбөм = П100/ӨҚ, %

Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екнін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болады. Пайда көлемі, сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді.


Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде қалыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын қарамағындағы болатын мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.
Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін тірі және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғымырат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизация ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана Айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.
Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әртүрлі қаражаттар қолданылады. Өндіріс табыстылығының өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сақтай отырып, алынған пайданың жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Бірақта пайданың көлеміне әсер ететін басқа да бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және т.б.. Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарлауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.
Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен іс әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады. Олар кәсіпорын іс әректінің әрбір тұғырынан алынған табыстарды өлшейді және экономикалық үдеріс, нарықтық айырбасуға қатынасатын қатысушылардың мүддесіне байланысты топтастырылады.
Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның пайдасын (және табысын) қалыптастыруға әсер ететін факторлар ортасының негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себептен олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау мен бағалау үшін міндетті бөлегі болып табылады. Өндірісті талдаған уақытта табыстылық көрсеткіштері инвестициялық саясат пен бағаны қалыптастырудың аспабы ретінде пайдалынады
Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:
- өнім табыстылығының көрсеткіштері;
- капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;
- қолма-қол ақшалар табысі бойынша саналатын көрсеткіштер.
Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорын есебінде көрсетілген пайданың (табыстың) көрсеткіштері бойынша табыстылық деңгейін анықтау арқылы қалыптасады. Мысалы:
Жалпы пайда / сату көлемі  Өткізуден түскен пайда / Сату көлемі  Салық алынатын пайда / Сату көлемі  Таза пайда / Сату көлемі.
Бұл көрсеткіштер базистық және есеп беру кезеңдерінде өндірілген өнім пайдалығын (табыстылығын) сипаттайды.
Тб0 = П0 / СК0;
Тб1 = П1 / СК1,.или
Тб0 = (СК0- ӨҚ0)/ СК0; .
Тб1 = (СК1-ӨҚ1)/ СК1;
Тб = Тб1 - Тб0,
мұнда П0, П1 — базистік және есеп беру кезеңдеріндегі сәйкестік пайда;
СК0 , СК1 - өнімді өткізу сәйкес көлемі;
ӨҚ0, ӨҚ1 — өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сәйкес өзіндік құны;
Тб — талдау кезеңіндегі табыстылықтың өзгерісі.
Өнім көлеміне факкестенің әсер етуі есептеу арқылы табылады (тізбекті ауыстыру әдісі бойынша):
ТбN =(СК1-ӨҚ0)/СК1-(СК0-ӨҚ0)/СК0.

Осыған сәйкес өзіндік құнына әсері келесідей болады:


ТбS =(СК1-ӨҚ0)/СК1-(СК1-ӨҚ0)/СК1.


Факторлардың ауытқу сомасы кезең бойынша табыстылықтың жалпы өзгерісін білдіреді:


Тб = ТбР-ТбС.


Көрсеткіштердің екінші тобы алдын ала төленген қаражаттардың: кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капиталы (меншікті қаражаттар + ұзақ мерзімді міндеттемелер); акционерлік капиталдың сипатына және көлемінің өзгеруіне байланысты табыстылықты есептеу арқылы қалыптастырылады. Мысалы:
Таза пайда / Барлық активтер  Таза пайда  Инвестициялық капитал  Таза пайда / Меншікті капитал

Осы көрсеткіштер мәнінің дәл келмеуі табыстылықты жоғарылату үшін кәсіпорын қаржылық тетігі болатын ұзақ мерзімді несиелер мен басқа да несие қаражаттарын пайдаланғанын сипаттайды.


Бұл көрсеткіштер іс жүзінде өте көп пайдасы тиеді. Олар қатысушылардың мүддесін қорғайды. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін барлық активтердің (барлық капиталдың) қайтарымы қызықтырса, ал ықтималды инвестор мен қарыз берушіні инвестицияланған капиталдың қайтарымы; меншік иесін және құрылтайшыны – акцияның табыстылығы көп қызығушылық танытады.
Әрбір келтірілген көрсеткіштерді факторлардан тәуелділігін оңай өңдеуге болады. Келесі айқын тәуелділіктен көруге болады:

Таза пайда/ Барлық активтер = Таза пайда/Сату көлемі  Сату көлемі/ Барлық активтер


Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің) табыстылығы, өткізу табыстылығы және қорқайтарымы (өндірістік қорлар айналымының көрсеткіші) арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Экономикалық байланыс көрсетіп тұрғандай, формула табыстылықты жоғарылату жолдарын тікелей көрсетеді: сатудың табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік активтердің айналымын жеделдету керек екенін көрсетеді.


Тағыда табыстылықтың факторлы үлгісін қарастырып көрейік.

Таза пайда / Меншікті капитал  Таза пайда / Сату көлемі  Сату көлемі / Жинақты капитал  Жинақты капитал/ Меншікті капитал.


Көрініп тұрғандай, меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы өнімнің табыстылық деңгейінің өзгеруіне, жинақты капиталдың айналым жылдамдылығына және меншікті және несиелі капиталдардың қарым-қатынасына байланысты.Мұндай тәуелділікті зерттеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін, оның іс әрекетінің нәтижелік дәрежесін бағалау үшін өте қажет. Бұл тәуелділіктен көріп тұрғандай, барлық жағдайлар бірдей болғанда акционерлік капиталдың қайтарымы жинақты капиталдың ішіндегі несие үлесінің өсуіне қарай өсетіні көрініп тұр.


Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы табыстылықтың деңгейін есептеу негізінде қалыптасады, бірақ пайданың орнына есептеуде ақша қаражаттарының табысі қолданылады.
Мысалы:
Таза ақша қаражаттарының табысі  Таза ақша қаражаттарының табысі / Жинақты капитал  Таза ақша қаражаттарының табысі / Меншікті капиал және т.б.
Бұл көрсеткіштер өндірістік әлеуетті пайдалана отырып, кәсіпорын қарыз берушілер, несие берушілер мен акционерлерді қолма-қол ақша қаражаттарымен қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Ақша қаражаттарының табысі бойынша анықталған табыстылық тұжырымдамасы нарықтық экономикасы дамыған елдерде толық пайдаланылады. Ол өте басымдықты, себебі ақшалай табысдерімен жүргізілетін оперциялар өндірістің белсенді қимылын көрсететін нышаны, кәсіпорын экономикасының «денсаулығы» мен қаржылық жағдайын көрсететін белгісі. Бұл тұжырымдамаға көшу үшін кәсіпорынның есеп беру тәртібін қайтадан құруды қажет етеді. Қазіргі кезде біз бұл жұмыстың басқы сатысында тұрмыз.
Табыстылық көрсеткішінің көптігі оны жоғарылату үшін балама жолдарды іздеуге мәжбүр боламыз.Негіәзгі көрсеткіштердің әр қайсысы әр түрлі бөлшектенуіне байланысты факторлар жүйесіне ажыратылады, ал бұл болса анықтау және өндірістік резервтердің бағалау шегін белгілейді.
Табыстылықты жоғарылату жолдарын талдаған жағдайда сыртқы және ішкі факторлардың әсерін жеке анықтаған жөн. Мынадай көрсеткіштер: өнім мен ресурс бағасы, пайдаланған ресурстардың көлемі және өндірілген өнімнің көлемі, өткізілгеннен түскен пайда және сатудың табыстылығы өзара тығыз атқарымдық байланыста болады.
Табыстылықтың өсуі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек тапқан пайданың арқасында ғана емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға келетін табыстардың көбейгенін көрсетеді.
Табыстылықты жоғарылату екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: пайданың өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда, оң нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы қол жеткізуге болады. Табыстылықтың өсуінің басты көзі өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, көбінесе, негізгі қорлардың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет