ҚАРАЛЫ ХАБАРДЫ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
_______________________
Адамдар терезе әйнектеріне ұқсайды.
Олар күн сәулесін төккенде жарқырайды және
шуақ шашады, бірақ қараңғылық түскенде,
олардың шынайы сұлулығы іштен шығатын
жарықтың арқасында ашыла түседі.
Элизабет Кюблер-Росс
Құзыреттілік (латын тілінен. Competens – сәйкес, тиісті, қабілетті, білуші) – белгілі бір салада жан-жақты білімді және біліктерді меңгерген адамның сапасы.
Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі – бұл дәрігердің пациентпен, оның туыстарымен және әріптестерімен тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті коммуникативтік дағдылардың жиынтығы.
Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі, қаралы хабарды хабарлау сияқты күрделі жағдайларда, дәрігер мен пациенттің арасында өзара түсіністік бар, сенімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Дәрігер шеберлігі қаралы хабарды жеткізуді ғана емес, сонымен бірге, пациентпен оның ауыр диагнозын немесе жазылмас дертін талқылауды, пациентке сауатты түсіндіруді, сендіруді, оның әрі қарай іс-әрекеті үшін нақты ұсыныстар беруді қамтиды.
Қаралы хабарды хабарлаудағы дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі, пациентпен, оның туыстарымен, кикілжіңді жағдайларды болдырмай, конструктивті қатынас құра отырып, нәтижелі қарым-қатынас жасау шеберлігінен құралады. Дәрігердің бұл қабілеті пациентпен және оны қоршаған адамдармен тиімді өзара әрекет етуден құралады.
Коммуникативтік құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды:
Пациенттің немесе оның туыстарының тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалды күйлерін дұрыс анықтау шеберлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |