Қаралы хабарды жеткізудің кең тараған және ең тиімді жолы, себебі дәрігердің науқас жанында эмоционалды және физикалық тұрғыда болуының өзі, эмпатия, эмоционалды қолдау, толеранттылық, жанасу арқылы және көзбен контакт жасау сияқты дағдыларды қолдану дегенді білдіреді
Веб-технологиялар (видеочаттар) арқылы хабарлау
Қаралы хабарларды жеткізу жолының тиімділігі жағынан екіншісі, себебі дәрігер науқаспен тікелей физикалық қарым-қатынас жасай алмайды.
№1 - клиникалық тапсырма:
№17 емхананың терапевт-дәрігеріне 22 жастағы С. атты пациент келді, ол дәрігерге екі апта бойы қан аралас, сары түсті сұйықтықпен жөтелетінін, әлсіздік сезінетінін, дене қызуының 37 градусқа көтеріліп, үнемі тоңып жүретінін, түнімен терлейтінін, салмағының күрт азайып кеткендігін айтып шағымданды. Пациент сырт қарағанда қалыпты көрінгенімен, ұзақ уақыт бойы ауырып жүргеніне байланысты біршама мазасыз, абыржулы. Дәрігер-терапевт пациентті зертханаға қан үлгісін тапсыруға және кеуде клеткасының ауқымды рентгенографиясына түсуге жібереді. Келесі күні қан үлгісі талдауының нәтижесі және рентген-суреттің нәтижесі бойынша, дәрігер келесі диагнозды қояды: «МБТ микобактериясының бөлінуімен өкпенің милиарлы туберкулезі + (ашық түрі)».
Дәрігердің тактикасы: Пациенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жағымсыз жаңалықты хабарлау;
Аталған пациент үшін жағымсыз жаңалықты хабарлау техникасын таңдау.
№2 - клиникалық тапсырма:
ОҚКА қабылдау бөліміне реанимациялық жедел жәрдем көмегінің бригадасы 20 жас шамасындағы жас жігітті алып келді, оның іші мен кеуде тұсында көптеген пышақ жарақаты бар, ол көп қан жоғалтып, есін білмейтін күйде әкелінді. Шұғыл түрде пациентке ота жасалды және реанимация бөліміне ауыстырылды, онда пациент кома жағдайында. Дәрігерлер жайсыз жағдайды болжап отыр. Аталған жігіттің туыстарын табуға жасалған ұмтылыс ешбір нәтиже бермеді, себебі олар басқа қалада тұратын болып шықты.
Дәрігердің тактикасы: Жағымсыз жаңалықты пациенттің туыстарына хабарлау;
Пациенттің туыстарына жағымсыз жаңалықты хабарлаудың техникасы мен жолдарын таңдаңыз.