Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары:
Қазақ өлеңдерінің дәстүрлі құрылысы.
Жаңа сарындар мен ұйқас өлшемдері.
Автор бейнесінің шығарманың тілінен, баяндау құрылымынан көрініс алуы. 4. Поэзиялық шығармаларды мазмұндауға қойылатын талаптар.
Дәріс-12.Прозалық шығармаларды талдау
12.1.Шығарма мазмұны.
12.2.Мәтіндегі құбылту, фигураның түрлері.
12.3. Шығарманы сөздік құрамына талдау.
12.4.Шығарманы бөлімге бөлу, ат қою.
Көркем әдебиет - әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі. Прозадағы көркем айшықтар іштей үйлесім тауып отырады. Студент прозаны оқығанда кейіпкер бойындағы ізгілікті, адамгершілік пен асыл қасиеттерді аңғарып отырады. Шығарманың тілі – сол туындыны түсіндіретін негізгі тірек.
Проза әңгіме, новелла, повесть, роман, эпопея түрінде келеді. Повесть – ұзақ әңгіме. Эпопея бірнеше томнан тұрады. Прозада тура мінездеу, жанама мінездеу, салыстырмалы мінездеу болады.
Прозалық шығармалардың үлкенді-кішілі формасының қайсы-сында болмасын сюжет те, композиция да бар. Өйткені олар оқиғаға құрылады. Ал поэтикалық шығармалардың бәрінде бірдей сюжет бола бермейді. Сондықтан прозалық шығармаларды новелла, әңгіме, романдарды талдағанда, оның сюжеті мен композициясына арқа сүйемей, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беру мүмкін емес. Образ эволюциясы, образ композициясы көркем туындының сюжеттік композициялық желісінде бой көрсетеді.
Көркем әдебиет тілінің 2 түрлі болады:
Еркін құрылыстағы тіл, яки проза тілі
Поэзия тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |