Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет21/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

«Рұқсатты  кірмей  тұрып  сұрамаушы  ма  еді?»  деген  қыз  болар  деп 

мөлшерледім. 

Мен: «Рақмет» деп басымды идім. 

Қыз  тағы  да  мырс  етіп  күліп  жіберді  де,  құттықтау  үшін  бе,  әлде  амандасу 

үшін  бе,  маған  қарай  сүйріктей  саусақтарын  созды.  Алдымен  қолды  өзім 

бермегеніме  екі  бетім  ду  ете  қалып,  мен  де  алақанымды  ұсындым. 

Қыздардың  қол  ұсынып  амандасқанда  алақанын  су  құятындай  шұңқырайта 

қойып,  саусақтарының  ұшы  жігіттің  қолына  тиер-тиместен  тартып  әкететін 

әдеті  емес  пе.  Мен  өзіме  төрт  жыл  соғыстан  кейін  алғаш  ұсынылған  қыз 

қолын  алақанын  алақаныма  төсеп  қойып,  солдатша  құшырлана  бір 

қысармын  деп  ойлаған  едім.  Тот  басқан  темір  іспеттес  күсті  алақаныма 

қыздың  қолы  емес,  ұстай  бергенде  ұша  жөнелген  торғай  қанатының  ұшы 

ғана тигендей болды. Мен бұған мүлде абыржып қалдым. Өйткені солдаттар 

бірінің  қолын  бірі  қатты  қысып  амандасады.  Олар  үшін  қол  беріп  амандасу 

ләззатының  өзі  сонда.  Бәлкім,  қыз  қолын  жаңа  маған  бермеген  шығар, 

бәлкім ол қайта ұсынатын болар, сонда дұрыстап қысармын деп үміттендім. 

Бірақ  қыз  енді  қолын  қайта  беретін  белгі  танытпады.  Менің  білегім,  жау 

танкісіне  қарай  көзделген  зеңбірек  стволындай  серейіп,  созылды  да  қалды. 

Қайта тартып әкетуді қолайсыз көрдім. 

Менің осы күйімді аңғарған екінші қыз шапшаң ілгерірек шықты да: 

–  Ағай,  сәлеметсіз  бе,  құттықтаймын,  –  деп  қолын  берді.  Мен  бұл  қызға 

сонша разы болдым. Биік қабақ, бота көз осынау ақ сары қыз маған барлық 

қыздардың  сұлуы  сияқты  боп  көрінді.  Бағанадан  қысылып,  не  істерімді 

білмей сасқалақтап тұрғанмен қыздың қолын қатты қыспай, демеп ұстап, тез 

босатып  жібердім.  Мен  оның  өзімді  қолайсыз  күйден  құтқарғанына 

қуандым.  Бар  абыройды  жапқан  бетімнің  бояу  жұқпас  қоңырлығы  болды. 



25 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет