Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет29/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

бағанадан  бері  қыздар  көзіне  күлкінің  нысанасы  боп  тұрған  мені  бұл 

жағдайдан  тез  шығарып  әкетуге  әрекеттенген  сияқтанды.  Жаныма  одан 

сайын жанаса кеп тұрды да: 

–  Кәне,  ағай,  жанағы  лекцияны  жаза  алдыңыз  ба?  –  деп  алдымда  беті 

жабулы жатқан дәптерге қолын созды. 

Бұл  бір  неміс  қағазынан  жасалған  қалың  кінаганың  жартысы  болатын. 

Германиядан  қайтарда  дүние  қоңыз  кейбіреулер  дүкеннен  дүкен  қоймай 

аралап жүріп, нәрсе алып, үйлеріне сәлемдеме - посылкалар жөнелтіп жатты. 

Ал  мен,  халқымыздың  «Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма»  деген  қағидасын  берік 

ұстадым да, еш нәрсеге қол созбадым. Маған Отанымның жауын жеңгендігі 

мен өзімнің аман қалғандығымнан қымбат олжа жоқ еді. 

Осы оймен Германиядан кеткелі жатқанымда көп айлар қол астымда болған, 

кейін  зеңбірек  көздеушісіне  жоғарылатылған  жауынгер  жолдасым  -  коми 

жігіті  осы  қалың  кінағаны  қаладағы  баспаханаға  барып  қақ  бөлдіріп  әкеп, 

менің зат қапшығыма салды. 

«Сержант,  мұны  жау  жерінен  алған  олжам  деп  емес,  менің  сізге  тартқан 

сыйлығым деп алыңыз. 

Еліңізге  барып  оқуға  түссеңіз,  бұл  қағаз  сізге  керек  болады»  деп,  өтініп 

болмады.  Ал  менің  оқуға  түсетініме  еш  күмәнім  жоқ  еді.  Мен  бір  қызық 

айтайын  сіздерге:  өзім  соғыста  ешқашан  да  өлемін  деп  ойлаған  емеспін. 

Соғыстан  кейін  алдыма  қайтсем  де  журналист  болуым  керек  деген  мақсат 

қойып  едім,  ол  да  орындалды.  Тегі  адам  не  нәрсеге,  сеніп,  беріле  істесе, 

оның сол ойы орындалып шығатын болар деп ойлаймын. Жоқ, мұның біздің 

әңгімемізге  қатысы  жоқ.  Жай,  еске  түсіп  кеткен  соң  айтып  жатқаным  да. 

Сонымен,  қыз  менің  алдымдағы  дәптерді  өзіне  қарай  сырғытып,  бірінші 

бетін  ашып  қарады.  Одан  жол  ортасына  бадырайта  жазылған  «Сын  есім» 



34 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет