Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет31/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

моторының  от  алдырғандағы  алғашқы  гүріліне  ұқсаса,  оның  ендігі  соғысы 

сол  мотордың  стартқа  келген  самолетті  көкке  көтерер  алдындағы  бар 

қуатымен  қалшылдай  дірілдеп,  самолетті  ішіндегі  жолаушыларымен  қоса 

теңселте қозғап, тітіретіп жіберер сәтіне пара-пар болды. 

Қойшы, не керек, лезде-ақ мен, мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп, қыздың 

соңына  ілесіп,  аудиторияның  алдынғы  жағына  қарай  аяңдадым.  Жоқ,  сол 

сәтте  ол  қыз  менің  тек  мұрнымды  ғана  емес,  жүрегімнің  өзін  қоса  тесіп, 

бұйдалап алыпты ғой. Кім білген, қыз шіркіндердің бар істі осылай, үндемей 

тындыратынын. 

Ақ  қыздың  орны  есік  жақтағы  екінші  партаның  он  қанатында  екен.  Мен 

жақындай бергенде ол сол жағында отыратын қызға былай деп жатты: 

–  Қанипа,  сен  артқа  барып  отыршы.  Мен  ағайды  қасыма  алып,  конспект 

жазуына көмектесейін. 

–  Іһ-һі!  -  деді  Қанипа  біреу  оның  ыңқ  еткізіп  бүйірден  қойып  қалғандай 

дауысына  мән  бере  және  қаттырақ  шығарып.  Жақынырақ  отырған  қыздар 

оның  «іһ-һісіне!»  елен  етіп,  мән  бере  қалды.  Тек  ақ  қыз  ғана  оны  елемеген 

сияқтанды. 

–  Немесе  мен  орнымды  берейін,  ағайға  сен  көмектес.  Жаңа  келген,  әлі 

үйренбеген  кісіге  алыста  отырып  лекция  тыңдау  қиын  ғой,  –  деді  ол  өзінің 

сабырлы қалпымен. 

Жолдасына  тағы  бірдеңе  демек  боп  оқтала  берген  қызыл  шырайлы  қыз 

сөлбірейіп  мен  қасына  келіп  қалғаннан  кейін  жалт  етіп  бетіме  қарады  да, 

ақырын ғана жымиып: 




36 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет