1. Өткізгіштер қысқа тұйықталудан, басқа төтенше жағдайлардан немесе өрттің термиялық әсерінен еріген бе? 2. Егер балқу ақаулықтың салдарынан болса, онда оның пайда болу сәтін анықтаңыз (өртке дейін немесе өрт үрдісінде). Қысқа тұйықталу мен өрттің себептік байланысы туралы түпкілікті
қорытынды аспаптық талдау нәтижелерін қолдана отырып, жан
-
жақты өрт
-
техникалық сараптама жасау кезінде жасалады.
Сондай
-
ақ жылу әсерінен өткізгіштің өзіне жылу әсерінің дәрежесін
анықтау керек, ол ең үлкен жылу зақымдану аймақтарын анықтау үшін
қолданылады. Бұл ақпарат өрт көзін анықтауда өте пайдалы болуы мүмкін.