Медбикелерге арналған алгоритмдердің тізбесі



бет32/73
Дата07.02.2022
өлшемі113,48 Kb.
#92981
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
МІ алг 4 кур каз
МІ алг 4 кур каз, МІ алг 4 кур каз
Іс-әрекет алгоритмі:


1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүкті әйелге сантиметрлік таспамен кәріжілік-білезік буынының шеңберін өлшеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.
3. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Сантиметрлік таспамен кәріжілікбілезік буынының шеңберін өлшеңіз, яғни Соловьев индексін (орташа мөлшері 14 см).
5. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
6. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
7. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.


Ескертулер: Егерде Соловьев индексі, кәріжілікбілезік буынының шеңбері 14 см кіші болса,
онда жүкті әйелдің жамбас сүйегі жұқа, ал егерде Соловьев индексі 14 см көп
болса, онда жамбас сүйегі шомбалды және оның қуысының өлшемдері кіші.
Мысалы, сыртқы конъюгата 20 см кезінде және Соловьев индексі 13 см,
20см-ден 8 см алып тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз, ол 12 см тең (20 см-8
см=12 см).
Сыртқы конъюгата 20 см кезінде Соловьев индексі 14 см, 20 см 9 см алып
тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз, ол 11 см тең (20 см-9 см=11 см);
Сыртқы конъюгата 20 см кезінде Соловьев индексі 15 см, 20 см 10 см алып
тастаймыз, шын конъюгатаны табамыз, ол 10 см тең (20 см-10 см=10см).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет