дене азығы дамыған қоғамда құлдық өркендейтіндігін басқа елдердің мысалынан көре білді. Дене азығының молшылығына қолы жеткен, бірақ адамгершілігін дамытпаған, өзіне ғана емес, басқаларға да кеңпейілдік, ақжүректік, мейірімділік, ғылыми тілмен айтсақ, гуманистік көзқарас көрсетпеген елдер өзінен кейін қалған жұрттардың дамуына тосқауыл болып, оларды өз игілігіне пайдаланып қана отырады деген ойды қоғам мүшелеріне байланысты да айтуға болады. - дене азығы дамыған қоғамда құлдық өркендейтіндігін басқа елдердің мысалынан көре білді. Дене азығының молшылығына қолы жеткен, бірақ адамгершілігін дамытпаған, өзіне ғана емес, басқаларға да кеңпейілдік, ақжүректік, мейірімділік, ғылыми тілмен айтсақ, гуманистік көзқарас көрсетпеген елдер өзінен кейін қалған жұрттардың дамуына тосқауыл болып, оларды өз игілігіне пайдаланып қана отырады деген ойды қоғам мүшелеріне байланысты да айтуға болады.
- С.Торайғыровтың ақиқатты іздеу жолы өте күрделі болды, талай рет басын тасқа ұрды, тау шағылып, адасты.
- Мұхтар Әуезов ғасыр басында-ақ философияның негізгі зерттеу объектісі адам екенін түсінген. Ол философияның даналықпен, терең ойлаумен байланысты екенін де еркше атайды. Терең ойлау неден басталады? Осы сұрақтың жауабын болашақ жазушы гректің атақты данышпаны Аристотельдің ілімінен тауып, философияның басы таңданудан басталатынын көрсетеді.
- М.Әуезов философияның зерттеу объектісі ғана емес, мақсаттарын да өте дұрыс көрсетеді, оларда тағы да адам өмірімен байланысты түісіндіреді, “философия дүниенің ең жоғары негізін таппақ..., адамның жанын, ішкі халін тексермек..., адамның дүниеге келген мақсатын тексермек” деп, философияның антропологиялық және экзистенциалдық сипатын үлкен даналықпен дөп басып түсіндіреді. Ол философияны діннен жоғары қояды, оның тәуелсіз сипатын ерекше бағалап, жолы жаңа, дамуы еркін болу қажет деп түсіндіреді. Ой тежелсе, оған қысымшылық көрсетілсе, ойдың дамуы дағдарысқа ұшырайтындығы – ақиқат.
- Әуезовтың дүниетанымына И.Канттың ілімі қатты әсер еткен сияқты, жазушы қаламынан кейінірек шыққан ірі дүниелеріндегі ізгілік пен зұлым-
Достарыңызбен бөлісу: |