Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет23/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

29. «Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
98. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
99. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
100. «Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдаулы компонент) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«ТЖ кезіндегі шұғыл терапиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл хирургиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл травматологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл педиатриялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл акушериялық-гинекологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл психологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл токсикологиялық көмек»;
«Төтенше жағдайлар эпидемиологиясы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет