Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Неонаталогия» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет39/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

48. «Неонаталогия» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
155. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
156. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта, «Педиария» мамандығы бойынша - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
157. «Неонатология» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Неонатологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Шұғыл неонатология»;
«Неонатологиядағы өзекті мәселелер»;
«Неонатологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Неонатологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Перианаталдық оңтайлы күтім»;
«Емшек сүтімен қөректендіру».


49. «Балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
158. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
159. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
160. «Балалар психиатриясы» (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама) (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама) мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Психикалық аурулар ағымының жалпы заңдылықтары»;
«Эндогендік психикалық бұзылыстар»;
«Экзогендік психикалық бұзылыстар»;
«Шекаралық (невротикалық) психикалық бұзылыстар»;
«Психофармакология»;
«Суицидтік мінез-құлық»;
«Пациенттермен, олардың отбасымен психоәлеуметтік және психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу»;
«Психикалық бұзылыстарды бірінші реттік сауықтыру»;
«Наркомания: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;
«Геронтопсихиатрия».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет