93
Мысалы, электрқозғалтқыштың салмағы мен өлшемдері ол дамытатын
қуатпен анықталады. Мехатронды модульдегі қандай да бір «қорлардың»
төмендеуі есебінен қажетті қуаттың азаюы көрші шкалетипөлім бойынша
кіші қозғалтқышқа өтуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай салмақ пен
габарит тұрғысынан секіртпе тәрізді ауысу әрқашан ең жақсы компонент-
тер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру
кезінде компоненттердің мүлдем өзгеше түрі пайда болады, неғұрлым
ұтымды болады.
Одан әрі құрастыру бөліктердің функционалдық жүктемесін тығыздау
мүмкіндігі, оларды қиыстырып келтіру және ішінара «интеграциялау»
мүмкіндігі, сондай-ақ екі топ қорларының төмендеуінен түсетін пайда
барынша жоғары деңгейде іске асырылған кезде жинақтаудың жаңа
«ұтымдылық деңгейінде» жүргізіледі.
Екінші топтың қорларын азайту бүгінгі күннің технологиялық
мүмкіндіктерін білуді және мұқият есептеуді талап ететін қиын міндет
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: