132
– оператор ықтимал қауіпті жұмыс аймағынан жойылады;
– роботты бағдарламалау жүйесі CAD дерек қорларымен біріктірілген;
– жоғары деңгейдегі тілдерді қолданудың арқасында, күрделі құры-
лымдық бағдарламаларды жасау, роботтардың қозғалысын түрлі
критерийлері бойынша оңтайландыруға болады.
Автоматтандырылған бағдарламалаудың дамыған жүйесі төрт негізгі
құрамдас бөліктерден тұрады: геометриялық модельдеудің шағын жүйесі,
робот-жұмысшы орган-аспаптық жұмыс үрдісінің динамикалық жүйесін
моделдеудің шағын жүйесі, технологиялық роботтың траекториясын
оңтайландыру және технологиялық элементтердің дерек қоры.
Бағдарламаны бастау үшін қашықтықтан оқу режимінде роботтың
жұмыс аймағында бастапқы нүктені орнату арқылы координат жүйесін
үйлестіру керек. Содан кейін функционалдық қозғалыстың автоматты
өнімділігі бар, ал жұмыс істейтін элементтің контур жылдамдығын рет-
теу арқылы кесу күші белгілі бір деңгейде сақталады
Достарыңызбен бөлісу: