Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.
Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз.
Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.
Заттық әйнекті кептіріңіз.
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.