Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз,қолғапты киіңіз.
«Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.
Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.