Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет27/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жеке түріне сипаттама бер.
2. Жеке кластан тыс жұмыстардың құрылымы дегеніміз не.
Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.
2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.
3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,
«Просвещение» 1974г.
4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.
3 апта
3 Дәріс
Тақырып: Биологиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстың топтық түрі.
1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың топтық түріне сипаттама.
2. Мектептегі кластан тыс топтық жұмыстардың құрылымы.
Дәріс мақсаты: Мектептегі кластан тыс жұмыстардың топтық түріне түсініктеме беру.
Ұғымдар: жеке форма, топтық форма, жалпы форма.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Мектептегі кл.тыс жұмыстардың бірі топтық формасы.Топтық форма бұл-анықталған белгілі бір уақыт (2-3жыл) аралығында, биологияға қызығушылығы бар тұрақты оқушы- лар тобымен жүргізілетін жұмыс. Топтық кл.тыс жұмыстың эффектілігі мен маңызды- лық дәрежесі оны дұрыс жоспарлауға байланысты.Кл.тыс жұмыстың топтық формасы- ның бағдарламалық материалдары, мақсаты бар әр түрлі жұмыс түрлерімен толықтырылу керек. Жұмыс жоспары сондай жұмыс түрін қамту керек, нақтылы жағдайда оқушылар- дың күші жететіндей болу. Топтық жұмысқа мектептегі үйірме сабақтары жатады. Мыс: мектепте көрнекіліктер аз, оны шешу үшін көрнекіліктер жасайтын үйірме жұмысын ұйымдастыруға болады.Бұл үйірме жұмысы көптеген тапсырмаларды шешеді-бұл эстети- калық тәрбие, кеңістіктік және көлемдік бейнелеу шегінің дамуын, бақылаушылық және ойлауды, қолмен жұмыс жасау біліктілігінің жетілуін, ең бастысы өз жұмыстарының нәтижесін көреді. Топтық жұмысқа мектепте жүргізілетін және ұйымдастырылатын барлық топтық шаралар жатады: құстар күні, көңілді тапқыштар клубы(КВН), орман күні, денсаулық күні, бау-бақша күні және ауылшаруашылығына көмектер.Бұл жұмыстар ды жүзеге асыру үшін, ең алдымен мұғалім биологияға қызығушылығы бар оқушылардан топ құрайды, осы топқа орындалуға тиісті жұмыстарды тапсырады.Негізінде бұндай топтар осы немесе басқа да топтық шаралардың жұмыстарын аяқтағаннан кейін, тарап кетеді кейін басқа бір топтық шараларды жүзеге асыру үшін қайта құрылады. Жаңадан құрылған топта оқушылар саны өзгеріп отыруы мүмкін, бұрын қатысып көңілі толмаған оқушы шығып қалса, керсінше бұрын шараға қатыспаған басқа оқушы топқа қослуы мүмкін. Топтық жұмыс мұғалімнің қалауымен және ұйымдастыруымен туған өлке табиғатын зерттеу мақсатында да ұйымдастырылуы мүмкін. Мектепте нақтылы жүргізіліп жатпаған үйірме жұмыстары болмаған жағдайда, топтық кл.тыс жұмыстар жиі ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет