Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет28/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың топтық түріне сипаттама.
2. Мектептегі кластан тыс топтық жұмыстардың құрылымы дегеніміз не.
Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.
2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.
3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,
«Просвещение» 1974г.
4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.
4 апта
4 Дәріс
Тақырып: Биологиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың жалпы түрі.
1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жалпы түріне сипаттама.
2. Жалпы кластан тыс жұмыстардың құрылымы.
Дәріс мақсаты: Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жалпы түріне сипаттама беру.
Ұғымдар: жеке форма, топтық форма, жалпы форма.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Мектептегі кл.тыс жұмыстардың бірі жалпы формасы. Жалпы формаға - көптеген оқушылардың жиынтығымен жүргізілетін жұмыс түрлері жатады. Олар көптеген тәрбиелік бағыттағы, қоғамдық-пайдалы бағыттағы жұмыстар. Жалпы жұмыс натуралистік бағытта биология мұғалімінің ұсынысымен ұйымдастырылады.Жалпы кл.тыс жұмысқа бірнеше кластың, бүкіл мектептің оқушылары тартылады.Барлық жалпы кл.тыс жұмыстар қоғамға пайдалы бағыттағы сипатқа тән. Көбіне мектепте мынадай шаралар ұйымдастыр ылады: Құстар күні,Бақша апталығы,Орман апталығы, бұлар орман жануарларына ағаштар мен бұталардың тұқымдарын жинау,құстар үшін қысқа азық жинау,ағаштар отырғызу,ауылшаруашылығы зиян кестерімен күрес,жас балық шабақтарын күту,дәрілік өсімдіктерді жинау, атақты биолог-оқымыстыларға арналған кештер,КВН,биологиялық конференциялар,олимпиадалар жатады. Жоғарда аталған барлық формалар мен кл.тыс жұмыс түрлерінің барлығы өзара байланысты және бір-бірін толықтарып отырады. Араларындағы байланыстың дамуынан белгілі педагогикалық заңдылық байқалады. Тірі ағзалармен жұмысқа деген қызығушылық жұмыс барысында пайда болады.Мектепт дұрыс жолға қойылған кл.тыс жұмыс барлық форманы қамтиды. Жалпы форма жеке, топтық формалармен байланыссыз жүзеге асырыла алмайды.Бүгінде барлық формалар тарлған. Мектепте бір ай бұрын өткізілетін шара туралы хабарландыру жазылып, барлық мектеп оқушыларын белсенді қатысуға шақырады. Биологиялық кештердің көбі қоғам дық пайдалы жұмыстарды қортындылауға арналады.Әрбір мектептік жалпы кл.тыс жұмыстың алдында үйірмеге қатысушылар жұмыстың мазмұнын және көлемін анықтай- ды, керекті инструктажды алады, қажетті білім мен білікті қалыптастырады, кейін барлық оқушыларды таныстырады. Мыс:тұқым мен жемістерді жинау керек болса, алдын ала оларды қайдан жинау керектігін білу үшін, оқушы соған сәйкес ағаш немесе бұталармен танысады, тұқым немесе жемістерінің сыртқы құрлысымен, оларды жинау сақтауға байланысты арнайы бюллетен шығарады. Мектептегі кейбір қоғамдық жалпы жұмыстар жыл бойына жүргізіледі. Ол жұмыстардың өзіндік ерекшелігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет