«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1



бет11/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1
Excel Grade 9 Workbook, ҚҚЗТ эдвайзерлерге (копия), Култрология 5лек, РК-1 Философия на рус 2022-23
11 тақырып. Қақтығыстарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Мақсаты: тақырып бойынша ашу,талкылау
Дәріс жоспары:
1. Іскерлік келіссоз этикасы
2. мамандар келіссөз іс қағаздар жүргізу

Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді» Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.


Мемлекеттік мамандар мен қызметкерлердің сөйлесу мазмұны мен этикасы нормалары
Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:
- белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;
- мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;
- ойды теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;
- қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;
- сөйлеуші ұстанымы;
- сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;
Мемлекеттік қызметкелердің іскерлік келіс создері этикалық нормалары іс кағаздары
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, санаторийде – демалушы, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, транспортта – жолаушы т.б. болып айтылады. 
Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. 
Ресми құжаттарда саяси-публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. 
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әртүрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1. Тілдік құралдарды қысқа қолдану.
2. Материалдардың стандарт түрінде орналасуы.
3. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады. 
4. Лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді. 
5. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады. 
6. Индивидуальдық стильдің әлсіздігі. 
Тілдегі құралдарды қысқы қолдану талабы ойдың нақтылығын, дәлдігін қадағалаудан туады. Әлбетте көркем әдебиеттегі немесе публицистикалық стильдердегі сияқты синоним сөздерді немесе мағыналас басқа сөздерді тізе беруді ресми стиль жағдайы көтермейді. 
Ресми стильдегі құжаттардың басым көпшілігі белгілі бір стандартқа лайықталғандықтан, ондағы сөздердің қолданылуы да стандартты болып келеді. Яғни мұндайда сөздердің орналасу тәртібінде еркіндік бола бермейді, әр сөздің орнын сақтау қисынды саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет