«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1



бет14/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1
Excel Grade 9 Workbook, ҚҚЗТ эдвайзерлерге (копия), Култрология 5лек, РК-1 Философия на рус 2022-23
14 тақырып Сөйлеу мәдениетінің» коммуникативтік сапалары, оның зерттелуі Мақсаты:Студентерге Сөйлеу мәдениетінің» коммуникативтік сапалары, оның зерттелуі жан жақты тусіндіру
Дәріс жоспары
1.Басқарма әдебінің принциптері,мақсаты,міндеті,мәні
2.басшы мен бағынушы адамдардың өзара қарым қатынасының механизмі мен әдіс-тәсілі
3. Мінез-құықтың жалпы стандарты

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды.


Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрi адал қызмет етедi деп сенедi.
Мемлекеттік қызметшiлер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға тиiс.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) (бұдан әрi — Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
Кодекс халықтың мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
3. Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды қамтамасыз етедi.
4. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызметке тұрғаннан кейiн үш күн мерзiмде осы Кодекстiң мәтiнiмен жазбаша нысанда таныстырылуға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет