Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет23/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
парето – нәтижелілік 
деп аталады (итальяндық 
экономист  В.  Паретоның  атымен).  Нарық  баға  белгілеуіне  ықпал  келесі  түрлерде  жүзеге 
асырылуы мүмкін:  
1)  баға  белгілеу  бағалардың  үстіңгі  немесе  төменгі  шегін  немесе  бағалар  «коридорын» 
орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып кесімді бағаны орнату тұтынушылардың табысы аз 
топтарын қолдау немесе инфляциямен күрес мақсатында жасалады. Бұл шараның нәтижесінде 
тепе-теңдік  баға  мен  мемлекет  белгілеген  баға  арасындағы  айырма  шамасына  тұтынушы 
артығы  өседі.  Бірақ  оның  жағымсыз  салдары  болуы  мүмкін,  олардың  ең  бастысы  –  тауар 
тапшылығының  пайда  болуы.  Тепе-теңдік  бағалардан  жоғары  баға  белгілеу  өндірушілерді 
қолдау  немесе  ерекше  маңызы  бар  тауарлардың  өндіруін  ынталандыру  шарасы  болып 
табылады. Өндірушіде шыққан артықты мемлекет сатып алады. 
2)  сұраныс  пен  ұсынысқа  ықпал  ету  жолымен  нарықты  реттеу  тура  немесе  жанама 
шаралар  арқылы  жасалады.  Жанама  шараларға  жәрдемақылар,  дотациялар  (кәсіпорындарға 
берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама шараларымен реттеу графикте 
сұраныс  қисық  сызығының  сұраныстың  өсуінде  жоғары  оңға  немесе  азаюында  төмен  солға 
жылжумен көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары 
(шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс қисығы пішінін өзгертеді, ол тік болып кетеді де (икемді 
сұраныс),  бағаның  құбылуына  әкеледі.  Ұсынысты  реттеу  үшін  қолданатын  жанама  шаралар 
ұсыныс  қисық  сызығының  жылжыуына  себеп  болады  (сұраныс  қисық  сызығының  жылжуына 
сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі 
көрінеді. Мысал ретінде импортқа квота (норма) енгізілуі  қаралады: квота алдындағы ұсыныс 
қисық  сызықтың  еңкіштігі  оңды  жағымды  (ұсыныс  өседі),  ал  квота  енгізгеннен  кейін  қисық 
сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет