Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет30/174
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#117393
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174
Байланысты:
Үйде оқыту

Бұзылыс түрлері: 
есту қабілеті бұзылған балалар, көру қабілеті бұзылған 
балалар, балалардың сал ауруы (БСА) бар балалар, сөйлеу тілінде бұзылыстары 
бар және психикалық дамуы тежелген балалар. 
Оқытуға арналған құралдар: 
көрнекті суреттер, презентациялар, 
электронды тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек кестелер, комикс түріндегі 
мәтіндер, аудиомәтіндер, өлеңдер, санамақтар, ағылшын тіліндегі ұйқастар
хормен жұмыс, жаңа сөздерді суреттегі заттармен сәйкестендіру, жазбаша 
тапсырмаларды компьютер қолданып орындау.
Қорытындылау: 
Есту қабілеті бұзылған және зейіні мен сөйлеу тілінде бұзылысы бар 
балаларға жаңа материалды көрнекі құралдарды, яғни көрнекті суреттер, 
презентациялар, электронды тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек кестелер, 
комикс түріндегі мәтіндерді қолдана отырып үйреткен жөн. Жаңа лексиканы 
бекітуде әріптерден сөздерді құрастыру, сөздерде тастап кеткен әріптерді, 
сөйлемдерде сөздерді қою сияқты әр түрлі жаттығуларды қолдануға болады. үй 
тапсырмасы ретінде сөздері бар карточкаларды және сабақта үйренген 
лексиканы қайталау үшін презентацияларды беруге болады. әр түрлі видео 
сабақтар үлкен табысқа ие. Тек бірнеше рет қайталау жолымен жаңа 
лексикалық материалды ішінара меңгертуге болады.
Power Point интерактивті презентацияларды қолдану барлық оқу 
тақырыптарын көрнекі және әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әр 
түрлі стратегиялары бар тыңдалым, оқылымды дамыту және бақылау, лексико-
грамматикалық материалды оқу, бекіту және жетілдіру, баяу және анық емес 
жазатын БСА балалар үшін маңызды болатын өзін өзі тексеру және қателерді 


58 
түзету. Білім алушылар өздерінің нәтижелерін бірден тексере алады: дұрыс 
жауаптар тесттен кейінгі келесі бетте немесе гиперсілтеме бойынша берілген. 
Microsoft Office Word и Microsoft Office Excel арқылы жасалған үлестірмелі 
материалмен қоса берілген PowerPoint презентациясы — бұл мұғалімге де, 
білім алушыға да ыңғайлы.
Көру қабілеті бұзылған балаларға жаңа материалды есту арқылы енгізген 
жөн. Сөз тіркестерін бірнеше рет қайталау қажет. Бұл хормен жұмыс 
(мұғаліммен бірге), содан соң мұғалім артынан қайталау болуы мүмкін. Бұндай 
балалармен жұмыс істеуде ағылшын тіліндегі аудиомәтіндер, өлеңдер, 
санамақтар және ұйқастарды қолдануға болады. 
Тәжірибеде бекіту кезеңінде тілдік әрекеттердің барлық түрлерінің 
дағдылары мен іскерліктері бекітіледі: айтылым, тыңдалым, оқылым және 
жазылым. Бұнда да оқушының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Жаттығулар әрбір 
білім алушының ерекшелігін есепке ала отырып таңдалады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс кезіне жетістік 
жағдайын жасау, баланың әрбір дұрыс жауабын мадақтау маңызды. сабақты 
жоспарлауда қарапайым жаттығулардан күрделірек жаттығуларды орындауға 
көшу керек. Егер оқушы қандай да бір жаттығуды орындауда қиналса, онда 
оның қызығушылығы тез басылады. Сабақта әрекет түрлерін үнемі ауыстырып, 
баланың деңгейіне сәйкес келетін жаттығуларды таңдау маңызды. 
БСА диагнозы бар оқушымен сабақтың бір бөлігі
БСА диагнозы бар балаларда, әдетте, жақсы есте сақтау қабілеті болады, 
ережелерді табысты меңгереді. Алайда, олардың көбісі жаза алмайды. Бұл 
жағдайда компьютер қолданылады. Балалар баса алатындай арнайы пернетақта 
болады. Қашықтықтан оқыту сабағында компьютер алдындағы жұмыстың 
негізгі қиындығы көп уақыт алатындығы. Компьютермен жұмыстан кейін арқа, 
қол және көз бұлшықеттерін босаңсытуға арналған жаттығулар жасау қажет. 
Бұл жағдайда видеоқатармен және видеоқатарсыз музыкалық параққа 
қолжетімділікті қолданған дұрыс. Осындай жеңілдегеннен кейін, кез келген 
оқушы сабақта әрекетін жалғастыра алады. Фонограммамен ән айту немесе 
«
караоке» аудитивтік, дұрыс айту және грамматикалық дағдыларды дамытуға, 
сөздік қорды толықтыруға, тілдік дағдыларды жаттықтыруға, сондай-ақ 
оқытылып жатқан тілдің елі туралы мәдениет элементтерімен танысуға ықпал 
етеді және сабаққа эмоционалды реңк береді.
1. «
Сөмкеңде не бар екенін айтып бер» жаттығуы 
Жаңа сөздер түсінікті және тиімді әдістермен енгізіледі. Сөйлеу және 
тілдік құзыреттерді дамыту жаңа сөздер мен суреттегі заттарды сәйкестендіру, 
содан соң оқылған лексикалық бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, тілдік 
қалыптар) мен грамматикалық құбылыстарды тану және қолдануды 
қарастырады. «I havegot a...» үлгісін қолдана отырып, мұғалім мектеп 
құралдарын ағылшынша атайды, заттарды немесе суреттерін көрсетеді, ал 
оқушы қайталайды. Содан соң балаға мұғалімнің атаған заттарын көрсету 
ұсынылады. Сөйлемдердің үлгісін қолдану «ерекше» баланың ойлауын, зейінін, 
есте сақтауын, қабылдау мен қиялын біртіндеп дамыту үшін өте маңызды:


59 

I have got a bag. 

I have got a textbook. 

I have got a pen. 

I have got a pencil. 
2. «
Маймылдың мектепке сөмкесін жинауға көмектес» жаттығуы
Оған не алу керектігін айт: 

Chuckles, take a pen, please! 

Chuckles, take a pencil, please! 

Chuckles, take a bag, please!

Chuckles, take a textbook, please!
Бұл жаттығуда бала «Мектеп» тақырыбы бойынша лексикалық білімін 
бекіте отырып өз қалауын айтуға, нұсқау немесе кеңес беруге үйренеді.
3. «
Ағылшын алфавитінің әріптерін ата»жаттығуы 
Ағылшын тілінің алфавит әріптерін қайталаймыз. «ABC» кестесі 
қолданылады. Бұндай тапсырманы орындау барысында оқушылардың тілдік, 
зияткерлік және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Егер балаға берілген тапсырманы орындау қиын болса, алфавиттің 
көрнекті карточкаларымен жұмыс істеуге болады. Мұғалім: 
‒ 
«Take the letter «B», please! Show me the letter!» 
Ерекше бала зейінін ұзақ уақыт бойы біртекті жаттығуларды орындауға 
шоғырландыра алмаса, көңілін аудару үшін компьютерде оқытатын 
бағдарламалар арқылы ойын жағдаяттары мен қызықты сюжеттерді қолдануға 
болады.
Ағылшын алфавитімен және жаңа сөздермен танысу ойын түрінде 
болады. Бұнда әрбір әріп пен сөзге көптеген көрнекті суреттер мен қызықты 
анимациялар, үздік 3Д-графика, таныс кейіпкерлер мен қиял-ғажайып 
атмосфера, иллюстрациялы ағылшын сөздігі, ең керек және пайдалы лексика, 
дауыстық және анимациялық көмектер, көптеген шағын ойындар бар. 
Сабақ соңында балаға түрлі-түсті қарындаштарды немесе «Соlours» 
қарындаштардың суреттерін көрсете отырып түстерді еске түсіруді ұсынуға 
болады.
Сабақтағы айтылымда тілдік іскерліктерді қалыптастыру және дамытуға 
арналған осы жаттығулар коммуникативті болып табылады, яғни, оларды 
орындауда коммуникативті мағына бар, әлеуметтік мәдени құзырет 
қалыптасады. Демек, сонан соң шынайы әңгімелесуге шығу және шет тілдік 
мәдениетте біртіндеп әлеуметтену жүреді. Ерекше балалармен жұмыс істеуде 3 
«ж» қағидасын қолданған жөн: жұмылу, жанашу және жәрдемдесу.


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет