М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Жалпы морфо-физиологиялық шолу



бет118/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164
4.2.Жалпы морфо-физиологиялық шолу.
Тері жабындысы сүтқоректілердің күрделі қалыптасқан: екі қабаттан тұрады үсті (сырты) эпидермис іші (асты)-кутис (меншікті тері). Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Жоғарғы беті эпидермистің – жалпақ клеткалардан қалыптасқан. Бұл жалпақ клеткалардың ішкі қуысын кератогиалин заты толтыра келе мүйізденуге әкеледі. Сол себептен де, олар өліп, түсіп отырады. Ол қайызғақ ұсақ жапырақшалар түрінде бөлініп түсіп отырады. Эпидермистің астыңғы қабаты цилиндр немесе кубиктәріздес клеткалардан тығыз орналасқан тірі клеткадан тұрады. Бұл қабатты Мальпигиев қабаты деп атаған. Эпидермистің үстіңгі мүйіздену, түлеу қабатын нағыз тері (кутис) мен байланыстырып, қоректендіріп, өсіріп тұратын – Мальпигиев, өтемаңызды аралық қабат. Эпидермис тек қайызғақ өсіріп, оны түсіріп қоймайды көптеген тері өсінділерін береді: ең негізгілері: шаш, тырнақ, жезтырнақ, тұқайлар, мүйіздер (қуыстылар, бұғы мүйіз эпидермистен емес, кутистен өсетін болғандықтан – тығыз, қуыссыз мүйіз. Сол себептеп ол тез өсіп, өсу кіндігінен үзіліп түсіп отырады), қабыршақтар, әртүрлі бездер.
Меншікті тері немесе кутис сүтқоректілерде өте жақсы дамыған. Бұл қабат көбіне талшықты дәнекер ұлпадан қалыптасқан. Кутистің үстіне таман тері қантамырлары жиі орналасқан, шаштың сумкілері, тер бездерінің түтіктер саңылаулары орналасқан. Мальпигиев қабаты төменгі беті нағыз тері мен толқынды болып орналасқан. Осы қасиет тек сүтқоректілерде ғана жетілген. Терінің организм жабындысы болғандықтан түрлі қозғалысқа қабілеттілігін жақсы қалыптастырған. Судан шыққан ит, қой т.б. сілкініп су тамшыларын шашып тастауы осы қозғалмалық қасиеттен. Әсіресе жылқыда жақсы байқалады. Сауырындағы, мойынындағы т.б. аймақтарындағы қонып отырған шыбын шіркейді маса, сона т.б. аяқтарынан қағып түсіруі, насекомдарды тайдырып жіберуі.
Тері асты майы – клетчатка деп атайды. Бұл көбіне су сүтқоректілерінде жетілген – кит, итбалық т.б.Сол себептен де олардың түктері тері жабындысында редукцияға түсіп кеткен.Қыста ұйықтап өткізетіндерде (байбақ, сарышұнақ, болсық и др) тері асты клетчаткілері тұрақты әсер, олар үшін жинап алған май қоры, негізгі энергетикалық материалы болып қала берген.
Тері қалыңдығы сүтқоректілерде әртүрлі: салқын жерлерде жануарлар тері жабындысының түстері неғұрлым ұзын, тығыз болған сайын, тері жұқара береді. Терісі жұқа, әрі әлсіздеу – қоянда, себебі тері жұқара береді. Терісі жұқа, әрі әлсіздеу – қоянда, себебі тері асты қан тамырлары нашар дамыған. Осы нашар қантамырлы болуы қоянның бейімділік қасиетінің бірі болып қалыптасқан. Бұл қорғаныш белгісіне жатады.Қоянның жуының бірі – жыртқыш.
Жыртқыштың тістері жұлып алған жерлері қанаған үлгермей қатып қалады да, тіршілік өмірін жалғастыра береді. Осындай қорғаныс бейімділіктері кейбір тышқандарда, қосаяқтарда кездеседі. Бұларда ұзын құрықтары сақиналы терілі болып келеді. Құйрықтан ұстағандарда аузында құрықта терісін қалдырып өздері құтылып кетеді
Рептилияға – қабыршақ құстарға – қауырсын қандай қажет болса, Сүтқоректілерге – түкті тері жабындысы сондай қажет. Сүтқоректілердің кейбірі екінші мәрте түктілері редукцияға түскендер: киттер, итбалықтар, дельфиндер,ескекаяқтылар т.б. Бұлар түктерінен айырылған мен тері асты майлары (клетчаткалары) жақсы жетілген. Түк түрлері: шаштар, мамықты шашы (пух), сезімтал шаштар немесе вибристар. Көпшіліктерінде қалың, тықырлау болып келеді. Мамық шаштар арасында жуандау, ұзындау, қаттылау қылшалары. (остевые волосы) болады. Жерастындағыларда қылшалары болмайды. Керісінше ересек бұғы қабандар, итбалықтарда қылшалары түгел болады. Түктері түлеп отырады. Көктемде, күзде өзгеріп отыратындар: тиын, түлкі, бұлғын жер тесерлерде. Жылына бір мәрте түлейтіндер – сарышұнақтар да.
Түктер ішінде – сезімтал қылдардың (вибристер) маңызы зор. Кейде бұларды сезім мұртшалары деп атаған. Олардың иіс сезуге қаблеттілігі бар.Олар көбіне бас бөлігінде, кеуде, мойын да, құрсақ бөлігінде орналасқан. Осы вибристардың қапшықтарында, қапшық қабырғаларында сезімтал жүке клеткалары орналасуынан, вибристердің қозғалуынан сезім клеткалары сезінуге қабілетті.
Шаштың жуандап, ұзарып келгендерін – қыл (щетины) және қылсойдақтар (иглы) бар. Басқада мүйізді өсінділер – қабыршақтар, тырнақтар, жезтырнақтар, тұқайлар қалыптасқан. Неғұрлым салмақтары аяғына түсіп, тақыр жерге тіршілік еткендерінде тұқайлары қалың да мықты бола береді (бұғы, сиыр, жылқы), борпылдақ құмайт жерлерде көптабан (түйе), тасты жердегілер қырлары өткір тұқай (тау ешкісі, серна т.б.). Осындай орта тіршілігіне бейімделгендер тұқай көлемі мен оның 1 см2 бетіне түсетін салмақтары өзгеше: Орта Азия тау ешкісінің 1 см2 тұқай көлеміне 850 г. Ормандағы бұлан табаны 1 см2-500 г., солтүстік бұғы табанына 1 см2 – 140 г. Салмақ түсетін болған. Осыдан қайсысының табаны (тұқайы) жалпақтау екені түсінікті болар.
Тер бездері: жалрақтау екені түсінікті болар
Май бездері: түктерін майлап тұруға т.б
Иіс бездері: Жауынан қорғануға, шекараны айқындау белгі салу т.б.
Сүт бездері: бастапқы кезде балаларды сүтпен қоректендіруге, әсіресе сол туған күндеріндегі бастапқы сүттерінде сарыуыздың көп болуынан осы бастапқы қоректенудің маңызы өте зор болған. Қазақта «Уызына жарымаған» мақалының айтылуы да бастапқы күндеріндегі қоректенуі барлық жылы қандылар үшін де салқын қандылар үшін де өте маңызды мәселе.
Сүтқоректілер үшін тері жабындысы түктері маусымдық түлейі мен өзгеріп отыруының зор маңызы бар. Бұл қасиет тіршілік ортасы мен тығыз байланыста болған. Мысалы солтүстік ақтиінда жазғы түктері 1 см2 арқасы аймағында 4200 шаштан келсе, қыста – 8100 –ге жиілейді, аққоянда – 8000 және 14700. Осыған орай, шаш ұзындықтары да өзгеріп отырған. Тропиктік аңдарда бұндай құбылыс байқалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет