4. Сұрақтар: 4.1. Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама:
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлар ішіндегі неғұрлым жоғары ұйымдасқан тобы. Күрделенген топтың тұлға көлемі мен салмағы да ең масштабты екенін мынадан байқауға болады. Ең ұсақ сүтқоректі ақ тісті орман тышқаны -3,5 см, болса көгілдір кит ұзындығы-33 м.екен. Сонда, бұлардың салмақтары-1,5 г.-120 т. аралығында болған. Сүтқоректілердің негізгі прогрессивтік қасиеттері:
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) жоғарғы деңгейде дамыған. Әсіресе бас миының алдыңғы мидың жарты шарының кора бөлігі – жоғарғы орталығы болмақ. Осыған орай сүтқоректілердің табиғи ортаны сезіну реакциясы соншама күрделеніп жетілген.
Тірі туып, сүтпен – арнаулы затпен қоректендіреді. Бұл сүттің құрамында жас организмге қажет ақуыз, дәрумендер т.б. бәрі дайын. Осындай әзірленген жетілген көбею түріне жетуі салдарынан, ұрпақ қалдыру табиғаттың қандай ма болмасын, климаттық жағдайларында да іске аса беретін деңгейге келген.
Жылуды денесіне тұрақты ұстап тұруға, реттеуге қабілеттілікке жеткен. Алдымен денесінде заттар алмасқан кезде тотығу-тотықсыздану процессі кезінде жылуды жинақтауға (химиялық терморегуляция), ал екінші жағынан осы жылылықты тері қан тамырларына беріп және өкпемен тыныс алғанда судың булануы (физикалық термореакциясы) болуы. Осы құбылыстарды реттей отырып, сүтқоректілер денесі мен жылуы ұстауға бейімделген. Осы тұрақтылықты сыртқы табиғат ортасы жылуы шамамен 1000 С ауытқығанда да денесінде көпшілік сүтқоректілер өзіне қажетті жылуды сақтап қала береді. Мысалы Солтүстік бұлғыны қыста – 600 С аязда, денесі +390 С. Десекте дене температурасының тұрақты болуы барлық сүтқоректілер үшін абсолюттік белгі бола алмайды. Дене температурасының тұрақтылығы көбіне тұрақтылығы көбіне қағанақтыларға сәйкесті, әсіресе ірі көлемдегі жануарларда. Төменгі сатыдағы сүтқоректілерде және ұсақ қағанақтыларда дене температурасы белгілі деңгейде өзгеріп (ауытқып) отырады. Әрине бұл сыртқы орта температурасымен байланыстылықта болып отыр. Мысалы, қалталы егеуқұйрықта 37,8 -29,3ºС аралығында ауытқыса, кәдімгі тоқалтісті 37-32ºС аралығында болған. Осы дене жылуын реттеуде тері түктерінің, ал кейбірінде тері асты май қабатының айырықша маңызы бар.
Осы ерекшеліктердің нәтижесінде сүтқоректілердің географиялық таралуы барлық материктерде (Антрактидадан басқа) түгел таралуға мүмкіндіктері болған. Сол себептерден олар: жербеті, жер қыртысы, жартылай суда, ауа мен жербеті арасында, тұрақты су кеңістігіне, тараған.
Осы заманғы сүтқоректілер түрлер саны шамамен 4,5 мыңға жетеді. Жалпы сүтқоректілердің төмендегідей морфологиялық белгілерін айтуға болады:
1.Денесі, тері жамылғысында түктері және көптеген тері бездері (сүт, тер, май, иіс) дамыған, олардың атқаратын қызметі әртүрлі.
2.Синапсидті (бір самай шұңқыры) бассүйек омыртқа жотасымен екі шүйде ілмешегі арқылы байланысады.
3.Төменгі жақ тек бір ғана тіс сүйегінен тұрады.
4.Шаршы және байланыс сүйектері ортаңғы құлақтағы есіту ұсақ сүйектері-төс, балғашық сүйектеріне айналып кеткен.
5.Тістері пішіні мен атқаратын қызметіне қарай – күйек, сойдақ және азу тістеріне (гетеродонтты) жіктелген, олар альвеолаларда орналасқан текодонтты) және көптеген сүтқоректілерде екі тісі болады (дифидонтты) – сүттістер (уақытша) және тұрақты тістер болып .
6.Омыртқалы платицельді. Мойын бөліміндегі омыртқа саны тұрақты (жетеу),
7.Шынтақ буыны артқа қарай бағытталған, тізе – алға қарай, нәтижесінде сүтқоректілердің тұлғасы төртаяғы үстіне орналасып қозғалысы мықтылығын, жылдамдығын үдете түскен. Осы буындар рептилияларда бүйір бетіне қарай бұрыш жасап орналасқан. (сурет-165 Константинов бойынша). Бұндай қаңқа мықтылық пен жылдамдық сүтқоректілердің қозғалыс активтілігінен біршама төмен болған.
8.Сүтқоректілер жүрегі төрткамерлі, жалғыз сол жақ аорта доғасы қалыптасқан.