М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет113/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   164
4.Сұрақтар.
4.1.Ертедегі құстар. Археозаврлар.
Құстардың эволюциясы және шығу тегі туралы сұрақтарға тек жалпы бағытта ғана айтуға болады. Бұл бағытымыз ерте заманғы кесіртке жамбасты рептилиялар тегі – архозаврлар болғаны күмән келтірмейді. Себебі, құстар эволюциясында құстың бастапқы қасиетіне белгі, ағашқа өрмелеуге деген бейімділігі болса керек ал бұл қасиет кесіртке жамбастыларда жақсы дамыған. Осы өрмелеуге тереңірек қара болсақ, екі мәселенің басын қозғайтынын байқаймыз: Біріншіден өрмелеу үшін алдыңғы аяғының бағыттаушы (бастаушы ролі), яғни негізгі мақсатты қозғалысы болары белгілі. Кеңшіліктен (жер беті) таршылыққа, бірақ қауіпсіз (оңаша жаққа жетуі қалай дегенде де алдыңғы аяғын модернизацияға итермеледі. Санаулы ағаш бұтағынан мықты ұстауға, жақын тұрған ағаш бұталарына қосымша күшпен секіріп, дәл түсінуге мәжбүр болды. Екіншіден, жерден біріншіден бұтаға шығу үшін де барлық салмағын артқы екі аяғына салуға, керек болған жағдайда артқы екі аяғына тік тұрып, алдыңғы екі аяғындағы саусақтарын бірінші бұтаға созылып, секірген кезде артқы аяққа, буындарына, қаңқалық сүйектеріне, жамбасқа күш түсіп отырды.
Ағаш бұтағына өрмелеу қаблеттілікті осы заманғы құстар ішінде гоациндер тамаша қабілеттілік көрсетіп келеді. Олардың әліде жетіліп болмаған қанат топшаларында өте жақсы жетілген тырнақты саусақтары бар. Осындай өрмелеудің нәтижесінде артқы аяқ саусақтарында ағаш бұтағын қысып ұстауға бейімделген: үш саусағы алға, бір саусағы артқа қарай орналасқан жұмған кезде бұтақты қысып ұстауға қабілетті (148-сурет. 2, 2а. Константинов 2000 бойынша)
Құстар эволюциясындағы маңызды кезеңнің (этап) бірі-рептилия қабыршақтарының құс қауырсындарына айналғандығы. Ең алдымен қанаттарында және құйрықтарында, содан соң барлық денесін жабуы. Қауырсын жабындысының екі жақты ролін айту керек: біріншіден, құстың ұшуына меншікті салмағын жеңілдетіп, ішкі ауа қапшықтарына көмектесіп, құстың ұшуына әкелді. Екіншіден, құстың денесінде жылуды реттеуге (терморегуляция) мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта құстың тікелей дәлелдейтін ата тегі әлі табылмай келеді. Өткен ғасырда (ХХғ.) юра қабатынан табылған тастағы, соңынан екі мәрте толықтай қаңқалары табылған болатын. Солардың біреуінен мектеп оқулықтарында ЖОО-оқулығына дейін салынған – археоптерикс – ерте заман құсы айдарымен берілгенін сауатты адамдардың бәрі де біледі деп ойлаймыз (150- сурет). Бүгінгі таңда жеті археоптерикс қаңқалары табылды.
Осы археоптерикстерді талдаудан өткеннен кейін оның екі жақты (құсқа және рептилияға) ұқсастықтарын байқаймыз. Әсіресе рептилияға ұқсас жағы басым сияқты: мүйізді тұмсық жоқ, тістерінің болуы, құйрық бөлігіндегі ұзарып (20-ға тарта) келген құрық омыртқаларының болуы, тар және қырсыз көкірек қуысының болуы, құрсақ қабыртқаларының болуы, жамбасының омыртқаларымен ғана байланысуы, құстардағылардай қозғалмайтын күрделі, бірігіп кеткен омыртқа жотасы мен жамбастың болмауы (сурет – 151.). Осы заманғы нағыз құстармен бастапқы (первоптиц) құстарға ұқсастық белгілері байқалмайды. Осы археоптерикс туралы әдейі ашылған ғылыми конференция қортындысы материалдары жинақ болып 1985 ж. Құстың бастапқысы немесе «Бастапқы құс» (Начала птиц) айдарымен жарық көрген болатын.
Археоптерикс халықаралық конференциясынан (1984 ж. Эйхштад Германия) соң көпшілік қатысушы орнитологтар пікірі архиоптерикстерді жанама бұтақ ретінде қабылдауға ұйғарған, ал осы заманның құстар, ата тегін триас қабатынан протоавистер ерте заман құстары арасынан қарастыруда мақұлдаған.
4.2.Осы заманның нағыз құстары.
Бор дәуірі қабаттарынан екі өзіндік ерекшеліктері бар құс қалдықтары табылған.: 1.Ихтионистер (сурет – 152); 2.Гесперорнистер (сурет – 153). Соңғы суқұстары болған, қорегін балықпен судан ұстаған, ұшуға қаблетсіз. Пішіні суда жемін аулауы, жағынан қазіргі гагарларға ұқсастығы байқалады. Төс қыры болмаған, қанаттары болмаған.
Ихтионистер жақсы ұшатын болған, себебі дамыған қанат қаңқасы ұшатындығын дәлелдей түседі. Көкірек қуысының қыры жетілген. Бұл екі өкілдің екеуінде де жақтарында тістері дамыған.
Кайназойдың үштік кезеңінде осы заман құстарына ұқсас құстар түрлері пайда болған. Ал эоцен дәуірінде тісті құстар тіршілік еткен, систематикалық жағынан осы күнгі ескекаяқтыларға жақын формалар болып келген. Осы үштік кезеңде торғайтектестер, сұр қарлығаштар, тоқылдақтар, көкқарғалар, балшықшылар және басқа да осы заман құстары пайда болған.Олигоценде және әсіресе миоценде осы заманғы орнитофауна көбее түседі: құлақты үкілер, байғыздар, қоқиқаздар, құтандар, қызғыш құстар, бұлдырықтар шағалалар, гагарлар, қасқалдақтар, қаздар т.б.
Құстар эволюциясы мен шығу тегін талдай келе айтарымыз, соңғы ғылыми халықаралық (Эйхштад. Германия) археоптерикс пікіріне сүйене отырып (Константинов 2000, 2004) мезозой эрасы бастапқы кезеңдерінде ертедегі археозаврлар ішінен іздестіруді мақұлдаймыз. Мезозойдың орта кезеңіндегі (юра) археозаврлар өкілі ретінде болып келген – археоптерикстер мүмкін қосымша, немесе жанама бұтақ болуы. Қалай деген де табылған жоғалмас, ол темір қазық болып қала береді. Ал жаңаша өкілдерін ерте мезозойдан (триас) іздестірген артық болмайтыны рас. Ол жаңа өкілдің жалпы систематикалық жағынан псевдозухи бұтағына жақын болуы мүмкін. Бастапқы тұрпаты жербеті кесірткежамбасты төртаяқпен қозғалушы, ол арқы аяғы мен жүгіруге қабілеттілікке келуі, одан алдыңғы аяғы саусақтары ұстағыш (хватательную) қызметіне келген, одан ағашқа өрмелегіштік қасиет алған, одан секіріп қозғалмауға, бұтадан бұтаға қалықтап секіруге құбылысында қабыршақтары ұзаруға, кейіннен қауырсынға айналуы мүмкін. Осы өзгерулер: жүгіру, өрмелеу, секіру, қалықтау т.б. нәтижесінде құстың осы заманғы пішінге келіп ұшу қаблеттілігінің қалыптасуы болды дей аламыз.
Осы заманғы құстардың жіктелуі:
Құстар класы (Aves)
1.Класс тармағы. Ертедегі құстар (Archaeorinthes). Бұған археоптерикс
2.Класс тармағы Ашақұйрықтылар немесе нағыз құстар (Neornithes)
Отр.үсті – 1 Тісті құстар (Odontognathae). Бұған Бор эрасы құстары: Ихтио..., Гесперорнис
Отр. Үсті – 2 пингвиндер (Jmpenes)
Отр. Үсті – 3 Қырсыз төстілер немесе түйе құстар (Ratitae)
Отр. Үсті – 4 Нағыз құстар (Neognathae)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет