5.Өзін-өзі қайталау сұрақтары: 1. Құстың энергиямен заттар тез алмасуындағы күрделі қаңқалық өзгерістерге келуі, білезік аралық буынға жетуімен құстардың иық белдеуіндегі күрделі өзгерісті дәлелдейді?
2. Жамбас белдеуіндегі толарсақ аралық буын байланысы пайда болуынан болған өзгерістекрді айтыңыз?
3. Құстың меншікті салмағын азайтуда морфо-анатомиясындағы өзгерістерді айтып дәлелде? Сырттай және іштей аулану деген не?
4.Құс қанатын жоғары көтеруге көмектесетін бұлшық етті ата, қанатын көтерген кезде қандай мүшелерге әсер етеді?
5. Құс қанатын төмен түсірген кезде көмекке келетін бұлщық етті атаңыз, қанатты қағудан әсер алатын мүше?
6. Құстың жердегі отырғанда, жүргендегі , ұшқандағы жылуы нәтижесінде затар мен энергияны орнын толтырып отыру үшін құс неменеге мәжбүр болады?
7. Құстың күрделі мінез-құлқын қалай байқаймыз? Құстың меншікті салмағының, жалпы миының салмақ қатынасы, ал ми бөліктерінің жұлынға, алдыңғы миға қатынасы деген не?
8. Құстың жыныс бездерінің маусымдық өзгерістері дегенді түсіндір. Аталық пен аналық бездерінің өзгерісі т.б.?
9. Құстың аналығында бір жыныс жолының болуын себебін дәлелдеп бер?
10. Құс аналығының жұмыртқа жолы бөліктері ерекшеліктері деген не?
11. Граафов торсылдағы деген не? Ол қашан, қалай жұмыртқаға айналып шығады, айналу мезгілі орташа қанша сағат аралығында?
12. Құстардың жыныстық жетілуі: 8-12 апта ? қарғалар, үүйректер, күйкентайлар?, қылаң шағала, бүркіт?
13. Күй ойнақ деген не? Сұр құрлар, меңіреу құрлар қандай көрініс көрсетеді?, ал су құстарында қандай ойнақ түрі болуы мүмкін?
14. Жыныстық диморфизм деген не? Мысал келтір.
15. Моногамді деген не? Мысал келтір, дәлелде?
16. Полигамді деген не? Мысал келтір, дәлелде?
17. Полиандр деген не? Мысал келтір, дәлелде?
18. Құстардың ұя салуының екі жағдайы?
19. Ширақ балапандар кімдер? Мысал? Қызылшақа балапандар кімдер? Мысал?
20. Құс ұясы алуантүрлі, пішіндерін атап, анықтау?
21. Ілме ұямен көмбе ұя қандай құстар ұясы?
22. Сыртқы орта ауа температурасы 100 С-қа ауытқығанда, жар қарлығашы ұясында температурасы қаншаға ауытқуы мүмкін?
23. Үйір болып ұя салу қандай құстарға тән? Олардағы тиімді жағы?
24. Жеке ұя салудың өзгешелеу жағы қандай? Жеке салатындар кімдер?
25. Ұяда инкубацияда: 9-12 тәулік , 18-20 тәулік, 40-44 тәулік жұмыртқа басатындарды атаңыз?
26. Құстар неге биосферадағы барлық кеңістікке таралу себебі неде?
6.Әдебиеттер: 1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.225-244, 288-308
2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.207-225; 261-280;
3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2
стр.107-158;
№12 Дәріс