4.Қаралатын сұрақтар: Құстардың тіршілік жағдайына шолу.
4.1. Заттармен энергияны тез алмастыруға құстардың мәжбүрлігі
Құстар, рептилиялардан оқшауланудың өзі, үлкен өзгеріске келуінің нәтижесі екенін ескеретін болсақ: бұған екі көзге көрнекілік өзгерісін айталық: Біріншіден, төртаяқты бауырымен жорғалаушылардан алдыңғы екі аяғы құстың қанатына айналдыруынан өз салмағын ауа кеңістігіне көтеріп алып шығып, үлкен жылдамдықпен жердің бір бөлігінен жарамды аймақтарды тез тауып алуға қабілеттілікке жеткеннен. Бұл оңай зат емес. Құстың өз салмағы жердің 9,8 кг. Тартылыс күшін жеңе отырып, ұшу үшін үлкен энергия шығару мен салмағының 25% -ға дейін болатын қанаттарын жоғары көтеретін ішкі төс еттерімен қанаттарын төмен қағуға көмектесетін сыртқы төс етінің ерекше қызметтері кезінде, құстың ұшуына ауа кеңістігінде 45ºС-қа жетуі болады. Осыдан келіп құстың ұшуына ауа кеңістігінде болуында заттар мен энергияны тез алмастыруға мәжбүр болған. Сондықтан да болса керек, олардың қарқынды болуы, үздіксіз қоректену мен оны ізденуге түсуі. Алдыңғы иық белдеуінде білезік аралық буынның (интеркарпалдық) болуы. Екіншіден, артқы екі аяғы мен тік жүріп, салмағын адамдарша көтеріп жүруге, жүгіруге келуінен көп энергия мен заттарды алмастыруға мәжбүр болған. Бұған дәлел жер бетіндегі жүрген кездегі дене жылуы – 38-40ºС аралығында болуы. Құстардың қоректік заттар ареалы өте кең. Олар судың астынан, үстінен де жер беті мен жер қыртысынанда, ағаш беті мен қабығы астынан да, ауадан яғни барлық табиғат кеңістігінен қорегін тауып алатынай қаблеттілікке келуі, оларды яғни көпшіліктері тірі ағзаларды тауып, ұстауы үлкен ептілікпен жылдамдықты тез қимылды талап ететін қозғалыстарға бейімделгендіктен дене жылуы үнемі жоғары болып отырған.
4.2.Күрделі мінез-құлыққа бейімделуі, үйір құруы,қауымдасуы.
Құстың күрделі мінез-құлқын, олардың орташа ми салмағының құстың өзінің меншікті салмағымен салыстырғанда байқаймыз. Осындай рептилия салмағын оның миы мен салыстырудан көреміз. Мысалы рептилия бас миы және жұлыны 1:1 қатынасындай болып келсе, ал осы қатынас тауықтұқымдастарында 1,5:1, ал көгершіндерде 2,5:1 ми бөліктері ішінде әсіресе алдыңғы ми бөлігінің өсуін байқаймыз. Осы жағынан алсақ, тек алдыңғы ми салмағы басқа төрт бөліктерінің салмағы мен 1:1 қатынасындай болып келген тауықтектестерде; жыртқыштарда – 2:1 болған, торғайтәрізділерде, тотытектестерде – 3:1.
Құстардың мишығыда мықты жетілген, негізінен бұл үлкен қозғалыста болатындықты, табиғат тіршілік кеңістігінде дем координациясын дұрыс та жете ұстауға қаблеттілікті білдіреді. Құстың бас миынан бастау алатын 12 жұп жүйке қалыптасқан. Арқа (жұлын) миы рептилиялардағы сияқты кеуде және жамбас белдеулерінің кеңейіп, жуанданып қалыптасқан.
4.3.Көбею ерекшелігі: Құс аталықтарының жыныс безі (семениктер) бүйрек үстінде жақын орналасқан. Аналық безі аналықтарында ассимитрично (екі безі бірдей, қатар дамымаған) болып келеді. Көпшілігінде сол жұмыртқа безі мен сол жұмыртқа жолы дамыған. Тек күндізгі жыртқыштарда оң жақ жұмыртқа безінде жетілген жұмыртқа сол жұмыртқа жолы мен сыртқа шығарылады.
Аталық бездері және аналық бездері маусымдық өзгеріске түсіп отырады: Мысалы көктемде жаурақ торғайы аталық безі 1125 есе, қараторғай аталық безі – 1500 есе үлкейетін болған. Осы құбылыс аналық безінде де бар. Осындай көлемін үлкейтуден әрбір жұмыртқа, сонымен бірге, күрделі жұмыртқа жолының көлемі өсуінен бездері жетілген кезде аналықтың тек бір ғана (сол жақ) жұмыртқа жолы қалып, оң жұмыртқа жолы рептилияға түскен деген болжам бар.
Құстың көбеюіндегі маңызды мәселенің бірі-аналық жұмыртқа жолы ішіндегі үш маңызды бөлімнің болуы. Бұл рептилияларда байқалған болатын; жұмыртқаның осы бөліктермен баяу сыртқа шығу бағыты мен қозғалу мезгілі әртүрлі: 1-жетілген граафов торсылдағы (жұмыртқа) жыныс жолы аузына (ворсинка) түсіп, ақуызға өте бай бөлігінен өтеді. Демек, ақуыздың қабатпен 3-6 с. ішінде қапталып үлгереді. 2-перганенттік бөлігінде эмбрион белок қабын ізбіс асты екі қабыққа орайды, 3-бөлігі жатырда 12-20 с. өте жәй жылжи отырып ізбіс қабатын қалыптастырады, 4-осындай бірнеше қабаттар мен қалыптасқан жұмыртқаны қынап арқылы сыртқы ортаға шығарылады. Осы мезгіл тауықта, яғни пісіп-жетілген граафов торсылдағынан жұмыртқа жолы мен 41 с. бойы жылжи отырып, көбеюге, яғни инкубацияға даяр жұмыртқа өмірге келеді. Жалпы 24-72 с. аралығында. Енді осы дамуға даярланған жұмыртқа 24-тәулік бойы тауық жылуымен бүкіл тауықтар әлемі тарихын, дәстүрін, негізгі қасиетін, тұмсығы мен жұмыртқаны тықылдата отырып, оңға, солға әртүрлі жаққа қозғай отырып жұмыртқадан – балапан шығарады. Жалпы құстар әлемі бойынша.
Жыныстық жетілу құстарда әртүрлі: 8-12 айда ұсақ құстар. Қарғалар ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ жыртқыш құстар 2-ші жылдан, ал 3-ші жылдан соң ірі құстар ірі шағала, бүркіт,гагарлар т.б.
Жыныстық жетілу алды жыныстық деморфизм көрініс белгісі байқалады.: көлемі, реңі жағынан (♂ - үлкендеу), әртүрлі өсінділері, қауырсындар пайда болуы. Бірқатар құстарда (пингвин, түтік тұмсық, гагарлар, ескекаяқ, сұрқарлығаш т.б.) жыныс деморфизмі қалыптас паған. Әлсіз байқалады: торғайтектестерде, балшықшы, сутартарларда, шағалалар т.б. Көпшілік құстар – моногомды. Бір жыл бойы, 2-3 жылға, кейбірі өмір бойы жұбын жазбайды – аққулар. Құрлар, колибрлер, бинарықтар (турухтаны) т.б. – полигамдар. Нағыз полигамдар (полигинии) – жабайы құстардан – павлиндер, үй құстарынан – тауықтар. Полианд (көпкүйге шығушылық) – үш сақинасы және қалыпқа балшықшыларда. Құстар жұп құру үшін әртүрлі күй ойнақтарға бейімделген: түрлі пішін, реңін көрсету, тұлғасын өзгертіп көрсету, жүрісін өзгертуі, су құстары түрлі жүзу манерін көрсетуі, сүңгіп шығу, шалғындық, дала, орман-тоғай құстары дауыстарын өзгертіп дыбыс беруі (чу-фых), (трау-трау) т.б. Төбелеске түсуі (полигондарда), т.б.түрлері бар. Жұптасқан құстар ұя салуға кіріседі. Екі түрлі жағдайда салады:
1.Үйір болып салу: Бұлар аздаған құстар, бұларға – кайра, мұнтаз, шағалалар, бакландар, ақ қалбағайлар, жалбағайлар, ақтұмсықты қарғалар, жаға қарлығаштары т.б. бұларға ең бастысы қоректік заттары ұяға жақын болуы керек. Ал ұялы мәнерлеп, сәндеп-мәндемейді. Жерге, тасқа, мұз ойысқа сала береді. Екінші мақсаты, оларға коллективті қорғануға жақсы жағдай жасалған.
2. Жекеленіп ұя салушылар: Бұларға ұшу қабілеттілігі онша емес, ұяларына қоректік заттарын көптеп алып келуге мүмкіндігі аз, ұсақ орташа көлемді құстар. Орман жадырасы, сұр шыбынқақыш, ақ бөдене. Бұлар қоректік заттарын және қорғану жағы өздері атқаруға бейімделгендер. Кезектесіп 150-200 м жерге сақшы болып тұру, қоректену аймағын (3-7 га ақбөдене) қорғау мәселелері өздері шешеді. Бұлардың ұялары пішіндері алуантүрлі. Температура бірқалыпты болуына ұяның пайдасы бар. Сыртқы орта жылуы 10ºС-қа өзгергенде қарлығаштың ін ұясында тек қана 1ºС-қа ауытқыған. Жалпы ұяға салатын жұмыртқалар саны құстарда 1-25 жұмыртқалар арасында болады. Көп жағдайда ширақ балапандарда ұяға көбірек жұмыртқа салынса, қызылшақа балапандарда аз жұмыртқа салады.
Инкубациялық уақыты көбірек ірі жұмыртқаларда бүркітте 44 тәулік, страустарда – 42, қаздар-28, аққуларда 35-40. Ұсақ құстарда 9-14 тәулік қара тоқылдақ, ұсақ торғай текітлерде -9-12 тәуілік , ала қарға -18-20 т.б.
4.4.Таралуы. Құстардың таралуының үлен биологиялық маңызы зор. Себебі, табиғат биосфера кеңістігіндегі органикалық заттарды (өсімдіктерден бастап барлық тірі организмерді ) түгелдей құстар үшін қоректік қазына болмақ. Осы қазынаны игеруде құстардың ролі, орны белгілі. Олар, біздің Ақжайық өлкесіне (БҚО) 100 мыңдап көктемде келіп, миллиондап миграцияға түседі. Жерімізге мыңдаған тонна құс саңғырығы және өлген құстар қалады. Қанша мыңдаған тонна құс етін өсіруге территориямыз қатысты және олардан органикалық құнарлы заттар қалды. Су кеңістігінде салқын қандылар ішінде-балықтар әлемі болса, ал жылы қандыларда құстар жер экономикасын игеруде орасан зор ықпал жасауда. Осы көпшліктің және ықпалды активтілік нәтижесінде құстар: табиғаттың барлық аймақтарында жақсы тараған.
Бұлар мұхиттық аралдарда, ықпа мұздарда тіпті салқын полярлық полюстерде құстар бар.
4.5. Жылдық тіршілік ырғағы.
Құстар тіршілігі өте маңызды биологиялық ырғаққа жете бейімделгендер. Себебі табиғаттың 4 маусымдық кезеңдеріне нақты сәйкесті тіршілік түскенде осы кезеңде өте төзімді де, активті бейімделіп алған жануарлар.
Осы маусымдық кезеңдеріне лайықты құстың биологиялық процессін сәйкестендіріп алған: жұп құру; инкубация; түлеу; миграция т.б. Құстардың жылдық биологиялық ырғағы негізінен мыналар: 1.Көбеюге әзірлік кезеңі (бұл табиғат ортасынан биологиялық сигналдық ескертпелердің нәтижесінде). Күн жарық кезеңінің өзгеруі тәуліктегі жарық кезеңінің өзгеруіне орай – инстинктік стимулды сезінуі. Осыған орай аталықтардағы мінездер т.б. топтасып жүргендер енді жұп құру кезеңіне таралады. 2. Ұрпақтар тәрбиелеу кезеңі. 3. Түлеу кезеңі. 4. Жайылым қысқа әзірлік кезеңі. 5. Қыстау кезеңі.6.Маусымдық қайту немесе миграция.
Құстар күзде оңтүстікке, көктемде солтүстікке қарай маусымдық ұшуы (миграциясы) тарихи эволюциялық процесс. Ерекшелігі денесіндегі қалыптасқан биологиялық процесстің табиғи сигналдық климаттың белгілерінің басталуынан ұзақ сапарға шығады. Олар күзде оңтүстікке баяу асықпай, ал көктемде осы күзде ұшып өткен жолын енді көктемде қайталағанда екі еседей жылдамдықпен өтетіні көбею процессінің маңыздылығымен климаттың яғни жылылықтың өзгеріс қабілеттілігіне орай болса керек. Дегелектер көктемде тәулігіне 400 км ұшатын болса осы жолды күзде 150-200 км тәулігіне ұшатын болған. Миграция кезінде құстардың ұшу жылдамдығы «Крейсерская» біршама жоғары болады: қараторғай 74 км, үйрек 72-97 км, қаз 90-100 км ұшу биіктігі 100 м.Ұсақ торғайтектестер 8850 м. Гиамалай тауы үсітен теңіз бетімен санағанда аралығында ұшатын болған.