М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет105/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164
Морфофизиологиялық шолу.

4.2.1.Тері жабындысы және олардың туындылары. Құстардың тері жабындысы өте жұқа, ешбір сүйек туындылары да, тері бездері де жоқ.
Тек бір ғана құйымшақ үсті безі қалыптасып, әсіресе су құстарының қауырсындары, жалпы мамық жамылғылары суланбас үшін маңызы бар. Бұл без суға тіршілігі байланыссыз мысалы шөл және шөлейт кеңістігіне бейімделген құстарда (түйе құс, дуадақ т.б.) болмайды.
Тері жабындысында сүйектену болмағандықтан, біржақта эпидермисте мүйіздік өнімдері молшылық және көптүрлі: мысалы жоғарғы және төменгі жақтары (тұмсықтары) толықтай мүйізді қапшықпен тұмсықтары қапталған. Осы мүйізді жамылғылардың жалғасы аяқ саусақтарындағы – тырнақтары, сирақтың сыртқы беті кейбірінде жіліктері үстіне дейін қапталғанын байқаймыз. Денесі қауырсындар мен жабылған (птерия), кейбір жерлері жабылмаған-қауырсынсыз – аптериялы болып келеді.
1.Жабынды қауырсындардың жалпы саны ірі құстарда көбірек, ал ұсақ құстарда азырақ. Мысалы рубинді колибри құсында 100; ұсақ торғай тәрізділерде 1,5 – 2,5 мың. Шағалада 5-6 мың; үйректе 10-12 мың; аққудың жабынды қауырсын саны 25 мың.
Жабынды қауырсын астында ұсақ ұлпа мамық орналасқан. Олардың сойдақтары өте нәзік, ұсақ болғандықтан теріге жабысып орналасады. Осы жабынды мамық әсіресе суқұстарында Солтүстік салқын жақтың құстарында мықты жетілген. Мамықтың маңызы жылуды денеден шығармай реттеу.
Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанмен, құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, осы айтылған барлық мүшелер жүйесіне қатысты. Құстар жабындысының ерекше белгісі сол – олардың эпидермисі әлсіз, дермасы жұқа, бірақ тері асты клетчатка (шелі) өте күшті дамыған. Құстардың үлкен энергия жұмсауды қажет ететін бұлшық ет ұлпаларының ерекшеліктері олардың миоглобинге бай болуынан. Құстардың қаңқасы мықты әрі жеңіл өткені сүйектерінде ізбес тұздары жиналады және ауа болады. Бас қаңқасы омыртқа жотасы мен 270º - қа дейін айналмалы (үкі) орналасқан. Ал омыртқа жотасы (әсіресе арқа омыртқа , сегізкөз омыртқалары) қозғалмайтын күрделі жамбас белдеу (мықын, шап шонданай) мен бірігіп кеткен. Нәтижесінде жамбастың құс салмағының екі аяққа түскеніне қарамастан төзімді әрі серпімді қозғалысқа әкелген. Төзімділігі сол – төртаяқтылықтан (рептилиялық) екі аяқтылыққа түсуде денесін тік (вертикалды) ұстай отырып жүру, жүргізу т.б. бейімделу; серпімділігі сол – ұшып келе жатып кенеттен жерге (бұтаға) қонған кезде, жылдамдықтан қозғалысты серпімділікпен сөндіруге қанатқа ұтымды көмектесуі: сан, жілік, сирақ аяқ сүйектерінің бірлескен серпімді бірлескен серпімді күшіне күрделі жамбастың омыртқа жотасы мен (атлант пен эфстропиядан басқасы) мықты байланыста болуынан. Осыған құстың арқа аяғында жартылай автоматтылыққа жеткен буын аралық (толарсақ буындары аралық) сіңір арқылы: құс саусақтарының жекеленген сіңірлері толарсақ, сирақ, жілік буындар арқылы санның бұлшық етімен байланысуынан интерторзалдық беріліс пайда болған. Бұл, құс бұтаққа қонып, салмағы салып отыра бастағанда, бұтақты ұстап тұрған саусақтың тырнақтары жабылып қалады, құс аяғына түрекелгенде, саусақтары автоматты түрде ашылып кетеді де, құс ұшып кетуге қаблеттілік жасалады. Бұндай қаблеттіліктер рептилияда болмаған. Құс қауырсынын бір, екі кейде үш мәрте түсіп, түлеп отырады. Құстың көбірек түлеуі, оның маусымдық полиморфизміне және көбею ритуаліне байланысты. Түлеу құстарда әр түрлі. Жыртқыштар мен насекомқоректілерде әсіресе, қоректігін ауадан ұстаушыларда баяу, түлеуге дағдыланған, ұшуға қаблеттілігін жоймай түлеуге бейімделген. Тауықтәрізділер бұталы шөпті тұңғиықтардағы құстар тез түлеуге бейімделген. Меңіреу құрлар мен сұр құрлар түлеу кезінде ұшуға қаблетсіз болып қалады. Үйректер, қаздар, аққулар, чистиктер, сұқсырлар, гагарлар, сутартарлардың көпшілігінің түлеулерінде ерекшеліктері бар. Олардың желпуіш қаламдары бірдей мезгілде түседі де құс біршама уақыт ұшуға қаблетсіз болады. Осы кез олардың өзен, көл, теңіз жағалауы қалың өсімдік арасына жасырынып жүруге мәжбүр болады.
Түлеу кезінде жабынды қауырсындары тек жаңадан өсіп қана қоймайды кейбір түрлерде тығыздығы, құрамы өзгеріске түседі. Шөже торғайдың жазғы жабынды қауырсыны -1500 дана болса, қыста 2100-2400 данаға жетеді. Шымшық торғайда: жазда - 1100, қыста -1700



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет