4.1.Құстар класына жалпы сипаттама. Құстар – рептилиялардың прогрессивті маманданған ұшуға бейімделген бұтағы. Құстардың прогрессивті құрылысының келбеті бауырымен жорғалаушылардан түбегейлі айырмашылығы бар. Олар: 1.Жүйке жүйесінің неғұрлым жоғарғы дәрежеде дамуы;
2.Осыған орай, көптүрлі бейімділіктерді игерген;
3.Жылылықты реттеуге қабілеттілік жетуіне байланысты денесіне тұрақты жылуды - 38ºС ұстап тұруға қаблеттілікке жеткен.
4.Ұшуға қабілеттілік жеткен.
5.Көбеюдің неғұрлым пргрессивті түріне жақындаған. Жұмыртқа салып өз денесі қызуымен жылу арқылы, оларды қорғау, тәрбиелеу деңгейіне жеткен.
Осы қаблеттіліктерге жетуі нәтижесінде әлемдегі омыртқалы жануарлардың соңынан қалыптасып, басқаларымен салыстырғанда жануарлардың жас тобы (190-170 млн.ж.Дәуірленуі кайназойда) екеніне қарамастан Жер шарының түкпір –түкпіріне түгелдей тарап үлгерген. Сондықтан да құстар, рептилияларға қарағанда көптүрлілікке жеткен. Қазбада кездесетінін санамағанда қазіргі заманда тірілерінің өзі 35-40 отрядқа біріктірілген.
Морфологиялық ерекшеліктерінен: 1.Денесі түгелдей қауырсын, мамықпен қапталған. 2.Алдыңғы аяғы қанатқа айналып ұшуға бейімделуінен сүйектері жеңіл (пневматикалық), мықты болуы; 3.Бассауыты бір ғана желке сүріншегімен байланысқан; 4.Жүрегі төрт камералы болып, бір ғана оң доға аортасын құрайды; 5.Осы заманғы құстарда тістері болмайды, оны өткір мүйізді тұмсық алмастырған.