- Сабақтың тақырыбы:
- «Қауырсын жабынды жануарлар"
- Ақпараттық технологияны пайдалана отырып оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
- Табиғатты сүюге, оның берекелі
- тіршілігін
- құрметтеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
- Ойлау,сөйлеу,есте сақтау,биология
- пәніне деген қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларға құстардың құрылысы мен
- ерекшелігін айтып түсіндіру.
- Жорғалаушылармен салыстыра отырып,
- белгілерін ажырату,құс жұмыртқасымен
- танысу.
- 1-тапсырма.Кестені толтыру.Санмен тізбектелген белгілердің қай жануарларға тән екенін кестеге толтырыңыздар:
- 1.Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар.
- 2.Жүрегі 2құлақшадан,бір қарыншадан тұрады.
- 3.Терісі құрғақ,мүйізді қабыршақтармен қапталған.
- 4.Өкпесі арқылы тыныс алады.
- 5.Өкпесімен де,терісімен де тыныс алады.
- 6.Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар.
- 7.Жамбасқа жақын орналасқан 2бүйрегі бар.
- 8.Ми қыртысының нышаны байқалады.
- 9.Аналь тесігі бар.
- 10.Клоакасы бар.
- 11.Іштей ұрықтанады.
- 12.Түрленіп дамиды.
- 13.Кеңірдек,ауатамыр мүшелері пайда болған.
- 14.Омыртқа жотасы:мойын,тұлға,сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген.
- 15.Алғаш рет кеуде қуысы пйда болған..
- 1-тапсырма.Кестені толтыру.Санмен тізбектелген белгілердің қай жануарларға тән екенін кестеге толтырыңыздар: 1.Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар.
- 2.Жүрегі 2 құлақшадан,бір қарыншадан тұрады.
- 3.Терісі құрғақ,мүйізді қабыршақтармен қапталған.
- 4.Өкпесі арқылы тыныс алады.
- 5.Өкпесімен де,терісімен де тыныс алады.
- 6.Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар.
- 7.Жамбасқа жақын орналасқан 2бүйрегі бар.
- 8.Ми қыртысының нышаны байқалады.
- 9.Аналь тесігі бар.
- 10.Клоакасы бар.
- 11.Іштей ұрықтанады.
- 12.Түрленіп дамиды.
- 13.Кеңірдек,ауатамыр мүшелері пайда болған.
- 14.Омыртқа жотасы:мойын,тұлға,сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген.
- 15.Алғаш рет кеуде қуысы пйда болған.
- 16.Қанайналымы 2 шеңберден тұрады.
- 17.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды.
- 18.Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады.
- 19.Денесіне аралас қан тарайды.
- 20.Сырттай ұрықтанады.
-
- 2-тапсырма. Тест тапсырмалары
- 1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым. а) зоология ә) герпетология б) биология 2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты? а) 3 ә) 4 б) 2 3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады? а) бүйрек ә) жүрек б) өкпе 4. Жорғалаушылардың терісі қандай? а) Тегіс, безді ә) ірі қабыршақты б) мүйізді қабыршақты 5. Жорғалаушылар қалай көбейеді? а) жұмыртқа ә) уылдырық б) тірілей
-
- жауабы:
- 1-ә
- 2-а
- 3-б
- 4-б
- 5-а.
3-тапсырма. Серпіліс сұрақтары 1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай? 2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады? 3. Терісінің құрылысы қандай? 4. Ас қорыту мүшелері. 5. Зәр шығаруы қалай жүреді? 6. Қан айналым мүшесі. 7. Қандай отрядтары бар? - 4-тапсырма. Биологиялық диктанат 1. Жорғалаушылардың терісі..........
- 2. Терісі үнемі өсу кезінде...........
- 3. Жүрегі жартылай..........
- 4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі......... 5. Дара жынысты..........ұрықтанады.
- 6. Жұмыртқа салады және............ туады.
Құстар-8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады. - Құстар-8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады.
Жүзетін құстар. Ұша алмайтын, мұхит суында тіршілік ететін құстардың ерекше тобы – Пингвиндер. Алдыңғы аяқтары суда жүзгенде ескек сияқты. Аяғы тұлғаның артқы бөлігінде орналасқандықтан денесін тік ұстайды. Антарктидада, Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауында, Австралияда тіршілік етеді. Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология деп аталады. 8600 – ға жуық түрі бар. Қазақстанда 500 ден астам түрі кездеседі.Дене температурасы тұрақты және жылықанды +41,+43градус. Дене бөліктері. Суреттен құстың дене бөліктерін атап көрсету: бас, мойын, тұлға. Қосымша бөліктері: қауырсын, тұмсығы, қанаттары, аяғы, тырнағы құйрық қанаттары. Тақтадан көрсету. Қауырсының құрылысын түсіндіру. Асқорыту жүйесі.Тұмсық —–өңеш —–жемсау——безді қарын—– етті қарын ——- аш ішек ——-клоака. Тыныс алуы: Өкпе арқылы тыныс алады. Сонымен қатар қосарлы тыныс алу да тән. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығады. Бұл қосарлы тынысалу деп аталады. Дыбысты - көмекей арқылы шығарады. Көбеюі: жұмыртқа арқылы. Жұмыртқа арқылы іштей ұрықтану арқылы көбейеді. 21 тәуліктен кейін жұмыртқа басып шығарады. Құстың миы. Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миының көлемі үлкен және алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. - Қарлығаш- жыл құсы. Мекен-деген ортасына қарай дала-лық, аудандық болып бөліне-ді.Елімізде кент, сұр, құз, жар, қосрең қарлығаштары кең та-раған. Қарлығаштар өте ұш-қыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұша-ды.Олар күніне мыңнан аса маса жеп, зор пайда келтіре-ді.Қарлығаш маса, шыбын, қоңыз, көбелек, өрмекші секіл-ді жәндіктермен қоректенеді.
- Халқымыз қарлығаштар төмен ұшып жүрсе, жаңбыр жауады деп есептеген.
- Сұр тырна
- Тырнаның бұл түрі соңғы жылдары күрт азайып Қазақстанның сулы-батпақты аймақтарында көптеп кездессе, Шығыс және Оңтүстік шығыс Қазакстанда, сондай-ақ Шудың оңтүстік батысында мол тараған. Ұя салуға батпақты, қамысты, сызды жерлерді таңдайды. Бұдан 30 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан аймағында таралымы жақсы болатын. 1962 жылдары Павлодар облысының Селета өзенінің аңғарында 3 мыңнан 5 мыңға дейін кездесетін. Ал 70-80 жылдардан бастап, сұр тырнаның саны азайып кетті. Қазіргі кезде Шу, Іле өзендерінің аңғарында ұя басарларының аздаған жұбы кездеседі. Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік аймағында бірнеше ондаған жұбы аракідік кездеседі. қанша қалғаны белгісіз. Сұр тырна әдетте екі жұмыртқа салады, үш жұмыртқа салуы сирек кездеседі. Жұмыртқасын аталығы да, аналығы да кезектесіп басады.
- Дуадақ
- Жоғалып кетуіне қауіп төнген.
- Таралу аймағы Солтүстік Батыс Африка даласында және Евразияда. Қазақстанның далалық және орманды өлкесінде кездеседі. Қазақстанда тың жерді игеру салдарынан табиғи жайылым алқабынан ығысып кеткен. Жайылымы. Ашық далалы жерлер. Батыс және Шығыс Қазақстан аймағында үя сала бастаған. Сонуы 30 жыл ішінде саны 5-10 ретке дейін азайған. Азайып кетуіне себеп болған жайлар: Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты химиялық тыңайтқыштардың егіс даласына қолдану әсері табиғи режимнің бұзылуы, браконьерлік. Дуадақ қыста жылы жаққа қайтады, жайлы уақыттарда қыстап қалуы да ықтимал. Көктем шыға оралатын кезІ наурыз, сәуір айлары. Қайтатын мезгілі қараша, қазан айлары. Жұмыртқа салатын уақыты сәуір, мамыр айлары. Дуадақ әдетте 2-3 жүмыртқа басады. Жұмыртқаны аналығы 21-28 тәулік шайқайды. Балапандары 35 күнде қанаттанып, ез бетімен қоңыз, тік қанатты жәндіктерді теріп жейді. Қыста өсімдік дәнін азық етеді.
- Қара құтан
- Сирек кездеседі.
- Таралу аймағы Еуразияның орманды, таулы алқаптарында, Оңтустік
- Африкада, Қазақстанда — Кент тауларында, Ұлытауда, Батыс жəне
- Солтүстік Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Алтайда кездесіп қалады.
- Көбіне таудың жақпар тастарында, жазықтағы жəне тау алқабындағы
- ормандарда болады.
- Саны онша көп емес. Кейбір деректерге қарағанда Қазақстанда 150 жұп
- қана бар. Оның ішінде Орталық аймаққа бес жұп қана келеді.
- Азайып кету себептері зерттелмеген. Негізінен кейбір аудандардың жерін интенсивті игеріп, ұясын бұзу, батпақты аймақты құрғату себеп болған сияқты.
- Биологиялық ерекшелігі. Жыл құсы. Үндістанға барып қыстайды. Нау-
- рыз-сəуір айларында қайтып келеді. Ағаштың бұталарынан балшықпен
- бекітіп ағаштың басына, жартасқа үя жасайды. Оған 2-6 жұмыртқа салады.
- Оны 32-38 күнде басып шығарады. Балапандар 60 .күнде ұшады. Күзде қазан айының басына дейін оңтүстікке қайтып кетеді. Негізінен ұсақ балықпен, қосмекендермен, кесірткімен, ірі жəндіктермен қоректенеді. Марқакөл жəне Ақсу-Жабағылы қорықтарында қамқорлыққа алынған
- Сергіту сәті: «Қандай құс?» ойыны
- 1. Баласын аппағым дейтін қандай құс? 2. Қандай құстың тамағы шоқуменен табылған? 3. Қандай құстың түсіне тары кіреді? 4. Қандай құс ұша алмайды? 5. Махамбеттің өлеңіндегі қандай құс? 6. Қандай құс қорегін түнде аулайды? 7. Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс? 8. Қандай құс орман дәрігері? 9. Қандай құстың қазаны бар?
-
- Сөзжұмбақ «Құстар»
- 1.Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі.
- 2.Пәрі мұртшалардан және неден тұрады?
- 3.Өңештің кеңейген жерін:
- 4.Құстардың жақсүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған.Оны қалай атайды?
- 5.Саусағы екеу африкалық құс:
- 6. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығады. Бұл қалай аталады?
- Қорытындылау. Сөзжұмбақ «Құстар»
-
- Кім жылдам? «Ағаштар бүршік жарғанда» ойыны.
- Үй тапсырмасын беру. 1.§55.269-274беттер,оқу,түсінік.
- 2.Өздерің тұратын жердің құстары
- туралы хабарлама жазып келу.
- 3.Құстар мен жорғалаушыларды салыстыру
- Сабақ аяқталды.
- Сау болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |