М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет101/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164
3.Мазмұны: Қарастырылатын сұрақтардағы алынған мәселелерді сатылы, үйлесімді дәлелдей отырып, жердің геохронологиялық кестесіндегі жер тарихы мен байланыстыра сипаттау. Бұдан, студенттер осы заманғы жануарлары мен байланысты түсінуге мүмкіндік алады.Рептилиялардың шығу тегін олардың ертедегі алғашқыларынан қалған самай шұңқырлары белгілеріне сүйене отырып дәлелдеуді жөн көрдік.
4.1.Ертедегі алғашқы рептилиялар
Рептилиялардың эволюциясы өте тез де және жан-жақты жүрген. Өйткені олар палеозойдың перм кезеңі аяқталмай жатып, сол уақытқа дейін суқоймаларында және су жағалауларында үлкен қожалыққа жеткен төртаяқтыларды-стегоцефальды ығыстырды. Бұлар катилозаврлар болатын. Кейбір белгілеріне қарағанда стегоцефалдарға ұқсастығы бар. Олар суда көбеюін, құрлықтан (жағалаулық кеңістік өсімдіктері мен) қоректенуін жалғастырған мен құрлыққа шығуда денесіне тез қозғалуға, әсіресе жауынан қорғануға, климаттық құбылысқа төзуге мәжбүр болды. Бір ғажабы осындай күрт әсерлерге бейімделуі шапшаң да, тез жүрді. Оған бірінші прогресс фактор болған сол кездегі омыртқалы жануарлар аяғы тимеген табиғаттың көпшілік кеңістігі бұларға айқара есігін ашқан болатын. Сондықтан сол кездегі қалың өскен өсімдіктер дүниесін бұлардың емін-еркін қоректік базасы алдын-ала дайындалғандықтан, осындай әзіс келуші алғашқы рептилиялар-котилозавралар – эунотозаврлар (перм кезеңіндегі қазіргі тасбақалардың ататегі), пеликозаврлар (котилозаврлардың активті ұрпақтары); терапсидтер (немесе Theromorpha – аңтәрізділер); болған.
Перм кезеңінің ортасына таман пеликозаврларды бұлардан да, жоғары жетіліп активті бейімделген аңтістілер ығыстырып шығара бастаған. Олардың тістері ерекше дамыған, күрделенген. Екінші сүйекті таңдайлары болған. Бір желке сүйегі екі желке сүріншегіне айналған. Төменгі жақтарында тістері жетілген. Шынтағы (локоть) – артқа, ал тізесі – алға қарай орналасқан да, нәтижесінде төртаяқты денесінің астында тік орналасып сүтқоректілердің қозғалыс мүшелеріне ұқсап келгенде шынтақтары мен тізелері екі бүйір бетінен шығып тұратын рептилиялық қозғалыс мүшелерінің келбеті жойылған. Бұлардың қаңқаларында сүтқоректілерді қаңқасына ұқсас келбет алған. Аң тістілердің көпшілігі жыртқыштар болған. Кейбірі өсімдік қоректілер немесе аралас қоректілер болған.
Перм қабатынан котализаврлар мен терапсидтер қалдықтары солтүстік АҚШ, Батыс Европа, Ресей, Қытай, Шығыс Европа жерлерінен табылған. Солардың ішінде ұзындығы – 3 метрлік өсімдік қоректі пареозаврлар болған.
Анапсидтық котилозаврлардан оқшауланып бөлініп шыққан диапсидтық (екі самай шұңқыры бар) рептилиялар болған. Олар палеозойдың соңына таман (пермь) кең таралып, екі түрлі систематикалық тобын қалыптастырған. Оларды екі инфра кластармағына біріктірген: 1 Лепидозавроморфалар. 2.Архозавроморфалар: біріншісінен: Гаттерия, кесіртке, жыландар тараған. Мезозойдың ортасына таман осы лепидозавроморфалардан алғашқы кесірткелер (первоящери) шыққан. Бұрлардан қалған жалғыз ұрпақ – гаттерия, немесе сфенодон Жаңа Зеландияның кішігірім аралдарында ғана сақталып қалған. Кейде алғашқы кесірткелерді, қынжал тістер деп атаған. Шынында өткір (үшкір) қынжалға ұқсас тістерді жақсүйектері және таңдай, өре сүйектерінде (амфибияларға ұқсас) орналасқан.Тістері тек жастарында ғана болады да, ересек гаттерияларда тістері болмайды. Бастың үстіңгі бетінде төбе сүйектері аралығында тістері болмайды. Бастың үстіңгі бетінде төбе сүйектері аралығында төбе көзі қалыптасқан. Оның қабығы болады. Қарашығы және торқабаты жетілген. Барабан қуысында барабан жарғағы жоқ. Шағылысу мүшесі жоқ. Бұл рептилиялар әлеміндегі жалғыз жағдай.
Гаттериялар – баяу қозғалып, көпшілік жағдайын мұхиттың альбатрос т.б. жағалау құстар ұясында мекендейді. Олар жұмыртқа салғанда да бір семья болып тұра береді (Сембиоздық жағдайда). Қоректігі – құрттар, насекомдар, қошқар мүйізді (улитка). Оңтүстік жарты шарда-қараша, желтоқсан айларында, жалпы көбеюге көктемнен бастайды. Жұмыртқаларын жерқуысына (камераларға) салады: 8-12 кейде 15-17 жұмыртқа салып болғаннан кейін жұмыртқалар астын қазып, жерге тереңірек батырады да, оны топырақ жауып тастайды. 12-14 ай инкубацияда көміліп жатады. Жас гаттериялардың жыныстық жетілуіне 20 жыл уақыт керек.
Кесірткелер , жыландар, құбылғылар – осы заманғы ілгерінген продвинутый рептилиялар тобы. Бұлар барлық рептилиялардың 95% осылардан. Әсіресе кесірткелер, жыландар. Осы үшеуі де - қабыршақтылар отрядын біріктіреді. Осы кесірткелермен гаттерия арасында белгілі ұқсастықтарына соңғы кезде көңіл бөліп келеді әсіресе морфологиялық ұқсастықтары ішінде – интертерзалдық (буынаралық байланыс) буынның болуында. Сонымен, лепидозавромерфалардың яғни екі самай ойысы барлар - диапсидтық, осы заманның көпшілік гүлденген рептилиялар тобын қалыптастырған.
Енді, архозавроморфтар тағдырына келсек, олар осы заманға ертеден қалған тамаша жоғары ұйымдасқан азғана рептилиялар тобы. Бұларға: қолтырауындар, тетрозаврлар, динозаврлар жатады. Қолтырауындар (крокодилдер) осылардан бүгінгі таңда жалғыз сақталып қалған тарихи ескерткіш деуімізге болады. Қолтырауындар триастың соңына таман пайда болған. Олардың, сол кезде омыртқалары қосмекенділер сияқты амфицельді болған. Осы заманғы қолтырауындарда омыртқалары процельді болып, екінші сүйекті таңдайы қалыптасқан, бұлар ерте заманғы архозаврлардан яғни псевдозухилардан қалыптасқан.
Сонымен, рептилияға тән қасиет самай шұңқырларының қалыптасу эволюциясы бойынша қысқаша шолу жасайтын болсақ.:
4.1.1.Тегіс смайлы рептилиялар пайда болуы, орта карбон кезеңінде осыдан 300-320 млн. жыл бұрын стегоцефалдардан пайда болған. Оларды антрокозаврлар деп атаған. (сурет-2 Н.П. наумов т.2 1979) кейде эмболомерлер деп те атаған. (сурет-114 Константинов, 2000). Бұлар, қазіргі заман тасбақалардың ататегі анапсидтар болатын. Себебі, бұлардың (тасбақаның) самайлары тегіс, ешбір ойыс, шұңқыры жоқ тегіс болып келген, яғни перм қазбаларынан табылған катилозаврлардан бастау алған.
4.1.2.Екі самай шұңқыры бар рептилиялардың пайда болуы: Сол Перм кезеңіндегі мықты дамыған катилозаврлардан екі самай шұңқыры бар рептилиялар бұтағы қалыптасқан.Олардың бас сауытының самайында екі шұңқыры болған (сурет – 16 Н.П.Наумов т.2. 1979), (33 сурет К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов т.1. 2007). Бас сүйектің мұндай типі стегальды деп аталған (стегоцефаль деген сөзден) және котилозаврлар оны өздерінің арғы тегі ежелгі сауытты қосмекенділерден сақтап қалған.
Қос самай шұңқырларымен оларға сәйкесті қос шықшыт доғаларының түзілуі – бас сүйектің диапситі типін өмірге әкелген. Бұлар – қолтырауын, диназаврлар, петрозаврларға тән – бұл.
4.1.3.Самай аймақтарының артқы жоғарғы бөлімінде бір самай шұңқырының бойда болуы, шықшыт және қабыршақты сүйектерден тұратын ғана самай доғасының қалыптасуына алып келген – бұл бас сүйектің синаптидті типі пайда болған. Мұндай алғашқы бір ғана самай доғасы бар синапсидті бас сүйек аңтісті қазба рептилияларға және олардан пайда болатын сүтқоректілерге тән.
Перм кезеңіндегі эозухиладан – тұмсықтылар бөлініп шыққан. Бұлар юра кезеңінде құрып біткен, ол олардан қалған жалғыз түр – гаттерия сақталып қалған. Осы перм кезеңінің соңына таман қарапайым диапсидтерден – қабыршақтылар бөлініп шыққан. Бұлар, бор кезеңінде гүлдену деңгейіне келген, көпшілік болып тараған. Осы бор кезеңінің соңына таман кесірткелерден – жыландар бөлініп шыққан. Қабыршақтылардың жалпы гүлдену заманы кайназой эрасында болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет