М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Практикалық маңызы және қорғау



бет98/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164
Практикалық маңызы және қорғау

Бауырмен жорғалаушылар өте пайдалы жануарлар. Олардың көпшілігі кесірткелер (4300 тарта), жыландар (3000 тарта) зиянкес насекомдар мен ұсақ кеміргіштерді құртып, әлеуметтік ортамызға шаруашылықтарымызға қалыпты жағдай жасайды.
Кеңестік кезде жылан уының 1 гр. кепкен кристалы -350 сом болатын, ал алтынның 1 гр. 40 сом еді. Одан көптеген дәрілер майлар жасап, буын, сүйек ауруларын емдейді. Қазірде одан маңызы жоғарыламаса, төмендеген жоқ. Кеңалқым (Кобра), гюрза, сұржылан, эфа т.б. улы жыландардан питомниктерде уын алу (серпантерия) ертеден ұйымдастырылуда. Бұлар бағалы медициналық өндіріс көзі қазіргі кезде бизнес көзіне айналуда. Бұларда қыстап шыққаны болмаса, серпантерияларда улы жыландар көбеюге қаблетсіз. Олар табиғат ортасында ғана көбеюге қаблетті.
Қолтырауындардан олардың терісінен галантериялық буындар т.б. тұрмыстық заттар жасалатындықтан. Оларды қолдан өсіру формалары тропиктик аймақтарда соңғы жылдары жиі өндіріске айналуда. Тасбақаның тостағандарынан, пластрондарынан да экзотикалық бұйымдар да жататындықтан, оларда көптеп бизнестік қадеге жарайтын болып жатыр. Осы бизнестік қажеттіліктен біздің Қазақстандық дала тасбақасы соңғы жылдары бизнестік броконерлік шабуылға ұшырады 1934 ж. Галапагосс аралының піл тасбақаларын ХТҚК (МСОП) Қызыл кітабына енгізіп, ұлттық парк ашуы; 1964 ж. бері Ч.Дарвин атындағы биологиялық станция деп атайтын болды. Қазақстан «Қызыл кітабына» (1978,1996) Республика территориясында кездесетін 33-35 түрлі бауырымен жорғалаушылар ҚК-қа енген. Батыс Қазақстан облысында кездесетін 18 түрлі рептилияның 2 түрі: төртжылдықты қарашұбар жылан, сарбауырлы қарашұбар жылан енген (1978,1996).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет