3.Дәріс мазмұны: Жоғарғы сатылы омыртқалылар тобын бастаушы-бауырмен жорғалаушыларға сипаттама беру, яғни амниоттық ортақ қасиеттерін рептилиялардан дәлелдеу:
1.Қарапайымнан күрделенуге қарай желбезекті-терілі-өкпелі тыныстан тек өкпемен 100 % тыныс алуға жетуі.
Ол үшін көкірек қуысының қалыптасып, жаңадан кеңірдек мүшесі пайда болып ауаны көкірек қуысының қозғалысы нәтижесінде сыртқы ортадан насос сияқты сорып алуы.
2.Терідегі бездерін тастап, тері жабындысының қасаңдануынан қабыршақты пластинкасы сырт пішінін алуынан денедегі ылғалдың булануын толық тоқтатуы.
3.Бауырымен жорғалаушыларда ет жүйесі де, ішкі қаңқа жүйесінде үлкен күрделенгендіктен төртаяқты тік тұрып, жерден денесін көтеріп алып, прогрессивті қозғалуға мүмкіндік алған, қозғау жылдамдығы ( қосмекенділерге қарағанда) біршама жорғалаған, кең таралуға жағдай жасады.
4.Ұрпаққа қамқорлығы (қосмекенді мен салыстырғанда) өсуін іштей ұрпақтанып, жұмыртқасы сыртында ізбес қатты қабығы мен бірге ішіндегі; сұр амниет, аллантоиыс қабаттары ортасында ұрықтың орналасуынан және жұмыртқасын табиғат ортасының ең жылы жеріне (күн көзіне, ыссы құмға т.б. көбеюге) салып кетуімен дәлелдейміз.
Осы төрт ерекшелігіне қарамастан бауырмен жорғалаушылардың кейбір қарапайым жағынан шыға алмай қалған.
1.Денесіне жылылықты ұстап тұра алмауы болып табиғат орта жылуына маусымдық тәуелділігі
2.Заттар мен энергия алмасуы да қарапайымдылық маусым ырғағы мен тәуелділігі. Осы аталған ерекшелікті қарастырылатын сұрақтарда сатылы дәлелдеу. Студенттердің көзін жеткізу.