3.Дәріс мазмұны: Қарастырылған сұрақтағы мәселелерге сатылы тоқтала отырып жануарлар әлеміндегі, ауа кеңістігін экспанциялаған аса активті жылықандылар тобын ертедегілермен осы замандағы түрлері арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру. Егер, юра кезеңі қабатынан табылған археоптерикс –ерте заманғы құстар өкілі ретінде қарастырып келсек, енді бұны, осы заманғы нағыз құстардың бастаушысы ретінде қарауға болмайды. Себебі, әлі ұқсастығы -100% деп қарауға болмайды: рептилияға ұқсас басы, тістері, қырсыз төсі, мықты кеуде еттері дамымаған. Жамбасы тар т.б. бар. 1984 ж. Эйхштадте (Германия) болып өткен. Халықаралық археоптерикс туралы ғылыми конференцияда осы пікір алынған. Осы заманғы құстар тегі археоптерикс емес, бұл тек қана жанама бұтақ өкілі болуы мүмкін. Ал нағыз осы заман құстарының шығу тегін ертемезозой эрасының триас қабаттарынан іздестіру пікірі туындайды. Бұл, болашақтың міндетінде түр.