Жануарлар әлеміндегі қоректенуімен байланысты тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктер, жануар мен жануар «қарым-қатнасында» «жемтік-жау» қатынасының болуы туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылығы:
сөйлеу дағдысын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру. Өздігінен пайымдай білуін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие беру.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:топтастыру стратегиясы, суреттер, кесте, тест
жұмысы.
Сабақтың барысы: 1. Психологиялық икем. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жануарлардың немен қоректенетінін әңгімелету, сұрақ-жауап алынады.
Сұрақтар:
1. Басқа жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды?
2. Өсімдікпен қоректенетін жануарлар қалай аталады?
3. Өсімдікпен және жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды?
3. Жаңа сабақ.
3. Жаңа сабақ.
Міне, балалар қандай жануар немен қоректенетінін білдіңдер, олай болса, олар сол қорегін қалай аулайды? Тірі жануарларды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыштар дейміз.
аю
сілеусін
қасқыр
жолбарыс
арыстан
жыртқыштар
түлкі
жапалақ
бүркіт
Жыртқыштар жемін әр-түрлі тәсілмен аулайды.
Жолбарыс пен сілеусін жемін тасада жатып аңдиды. Кейде оған
бұқпантайлап жетеді де, аңдаусызда бас салып ұстап жейді.
Қасқыр, ит, түлкі, дала мен орманды кезіп жүреді де, жануарлардың
ол көкке шапшаң көтеріліп, құйындатып келіп үстіне тұмсығымен
шоқып қона кетеді.
Жапалақ түнде өте жақсы көреді. Ол ұсақ сүтқоректілерді, құстарды
дәл тауып, ұстап жейді. Дала бүркіті де, жапалақ та – жыртқыш құстар.
Сонымен, әрбір жануар аштан өлмеу үшін қорек іздеп тауып, тіршілігін сақтайды. Осыдан бір қызықты сұрақ туындайды: бір жануарлар екінші жануарлардың тіршілігіне қауіп туғызып, тіпті оларды жейді.
Жыртқыш болсын, оның құрбаны болатын жануар болсын бәрінің әрекеті өз тіршілігін сақтау. Тіршілік үшін күреспейтін жан иесі жоқ. Бұл- табиғат заңы. Сондықтан жыртқыш екен деп жануарларды жек көруге болмайды.
Сергіту.
Тест (электронды оқулық)
Балалар, мына суретте аңдар туралы не білеміз, сол білетіндерімізді пайдаланып мына кестені оқиық.