Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Ислам діні және қазақ халқы



бет90/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
5.5 Ислам діні және қазақ халқы

Қазақстандағы исламның таралуының ерекшелігі. Қазақстанға исламның енуі, таралу деңгейі туралы мәселе толық шешімін таппаған. Исламның алғаш түркі көшпелілері арасында, яғни қазақтардың ата-бабаларында таралуы Қарахандар дәуірімен байланысты. Ислам мемлекеттік дін бола отырып, Қазақстан халқының қоғамдық өміріне тереңдей ене бастайды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы туралы көптеген археологиялық материалдар мен архитектуралық ескерткіштер куә. XVI – XVII ғғ. қазақтардың ортаазиялық халықтармен және Еділ татарларымен экономикалық және мәдени байланыстарының артуы Қазақстанға исламның кен орныға түсуіне ықпал етті. Қазақстанға исламды таратушылар ортаазиялық Бұхара, Самарқанд, Ташкент Хиуа, Түркістаннан келген миссионерлер болды. Осыған орай П.С. Паллас «киргизы содержат магометанский закон» - деп атап өткен. Н.Рычков болса, былай деген «казахи, несмотря на то, что содержат веру магометаскую, не были знакомы с истинным богослужением и даже самыми малейшими духовными обрядами». Яғни, бір-біріне кереғар пікірлер қазақтар арасында исламның таралу дәрежесіне байланысты нақты мағлұмат бермейді. Осыған байланысты, А. Левшиннің пікірі көңілге толымды сияқты. Ол «казахи из различных вероисповеданий предпочтение отдавали мусульманской религии; но при этом они не отличались фанатизмом, свойственным другим мусульманам».

ХІХ ғасырда қазақтар арсында исламның сіңуі күшейе түсті. Бұған Ш. Уәлихановтың сөзі дәлел болады. «Под влиянием татарских мулл, среднеазиатких ишанов и своих прозелитов народность все более принимает общемусульманский тип».

Жалпы, Қазақстанда исламның түрлері мен көріністері сан алуан. Халықтық, немесе басқаша айтқанда, тұрмыстық исламды (ресми исламнан өзгеше) сипаттайтын діни синкретизм (кұбылыстардың о бастағы тұтастығы) канон (ереже), қалыптардан әр түрлі ауытқуға жол берілді. Қазақстан жеріне сонау VIII ғасырда енген ислам тек XIX ғасырда ғана еліміздің барлық аймақтарында берік орнықты. Қазақстанда діни өмірдің өзіндік ерекшеліктері исламның республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының өміріне неғүрлым терең бойлап енуіне ықпал етті. Соған қарамастан Қазақстанның діни өмірі оның барлық аймақтарында да исламның өзара ықпалы мен әрекеттестігі және қазақтардың тұрмысында күні бүгінге дейін кездесетін мұсылмандыққа дейінгі сенім-нанымдардың көріністері нәтижесінде қалыптасқан сан алуан діни синкретикалық қалыптарымен сипатталады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақтар негізінен мұсылман діни оқуының (шариғат, аят-хадисінің) негіздерімен таныс болып, оның шарттарын орындаумен қатар, балаларын мұсылман мектептерінде, медреселерде оқытты, мешіттерге барып тұрды, демек қызу діни тіршіліктегі мұсылмандар болды. Мұны көптеген молдалардан, ишандардан, қожалар мен басқа да діндарлардан тұратын мұсылмандық дін басылар қызметі реттеп отырды. Осының бәрі бұл кезеңде қазақтар арасындагы ислам үстірт, шалағай сипатта болды-мыс деп көрсетілген пікірге шүбә келтіруге мүмкіндік береді.

Әлбетте Орта Азия халықтарымен салыстырғанда қазақтар діни фанатизмге (тақуа бірбеткейлікке) соншалықты бой алдырған жоқ. Бұған исламның Қазақстанда біршама кешірек тарағаны, мұсылмандардың діни орталықтарының алшақтығы әсер етті. Ал енді өдебиеттерде кездесіп қалатын қазақтар Құран сүрелерін қарадүрсін жаттап алады да, исламды шалағай білумен ғана шектеледі деген пікірлерге келетін болсақ, бұл ислам ертерек және тереңірек қанат жайған Орталык Азия дінге сенушілерінің басым көпшілігіне де, мәселен, өзбектер мен тәжіктерге де тән ортақ кемшілік. Бұл кезеңде қазақтардың Құдайға құлшылық етіп, Аллаға сыйынуы арнайы діни орындарға тәуелді болмады. Кез келген жерде намаз оқылатын. Сондай-ақ діннің негіздерін ұғындыру Құран мен араб тіліндегі кітаптармен шектелмейтін. Дінді уағыздаушыларды қазақтар пір тұтып, оның жетекшілігімен діни жоралғыларды мүлтіксіз орындап отырды.

Мұның үстіне XIX гасырда қазақтардың заңдық-құқықтық қатынастары едәуір дәрежеде кәдуілгі адатпен айқындалуының өзі қазақ қоғамында патриархалдық-рулық тұрмыстың сақталуымен түсіндіріледі. Бұл кезеңде қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінен басты ерекшелік сипаты адатты шариғатпен ұштастыру болды. Ислам адаттың көптеген әлеуметтік қағидаларын жаңғыртқандықтан адат пен шариғатты айқын ажырату кейде қиынға түсетін.

Осылайша, исламның қазақ халқы арасында кең таралуы ХІХ ғасыр деп қарастыра аламыз. Және ол Қазақстанда исламға дейінгі наным-сенімдермен қатар жүруімен, ықпалымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет