Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


Материалдық емес активтердің сипаттамасы



бет3/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс

1.2. Материалдық емес активтердің сипаттамасы

Материалдық емес активтер – заттың нақтылай нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие және субъектіге ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты қосымша табыс әкелінетін активтер. Материалдык емес активтерге тауар белгiлерi, тауар өндірісінің тiркелiнген жерлер, гудвил, « нoу – хay », лицензиялар, патенттер жǝне өнеркәсіп үлгілері, өнеркәсіпті ұйымдастыру шығындары. Электронды есептеу машинаны, бағдарламаны камтамасыз ету, интелектуалдык меншiк, жер учаскесін және табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары және т.б. жатады.


Жалпы айтқанда материалдық емес активтерге: лицензиалдық келiсiмдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атулары, тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар және т.б. жатады.
Материалдық емес активтер бастапқы құн және қалдық құны арқылы
есепте көрсетіледі және материалдық емес активтердің амортизациясы есептеледі.
Материалдық емес активтердің бастапқы құнына материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар немесе материалдық емес активтерді керкеті күйге дейін жеткізуге арналған шығындарды жатқызамыз.
Материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар өз құрамына келесілерді қамтиды: объектті сатқан дүкеншіге төленген соммасы, консультациялық қызымет үшін жабдықтаушыларға төленген сомма, регистрацияға кеткен алымдар мен баждар, кедендік шығындар, және материалдық емес активтерді сатып алумен байланысты басқа да шығындар.
Материалдық емес активтерді шығаруға кеткен шығындар құрамына келесілерді кіргізеді: жұмысшылармен еңбекақы бойынша есептесу, аударымдар мен әлеуметтік аудармдар, материалдық шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны материалдық емес активтерді өндірісте пайдалану уақытынан бастап енгізіледі және барлық уақыт бойы өзгеріссіз болып қалады.
Есеп беруде матариалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субьектiнiң қаржылық есеп беруде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсiлi; пайдалы қызмет ету мерзiмi немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептi кезеңнiң басымен аяғына жинақталған амортизацияның нормасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық және т.б. көрсетіледі.
Аудиттің алдында келесi мiндеттер бар:

  1. Материалық емес активтердiң көлемiн анықтау.

  2. Материалық емес активтердiң құрылымын тексеру құрылымының кәсіпорын бағытымен сәйкестiгiн тексеру.

  3. Материалық емес активтердiң қамтамасыздығын тексеру.

  4. Материадық емес активтердiң жағдайын талдау.

  5. Материадық емес активтердiң қозғалысын талдау.

  6. Материадық емес активтерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау.

Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы пішімі жоқ, ақша немесе зат тұріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері, жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндігі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері, жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндігі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай болып есептеледі:

  • негізгі құралдар;

  • тауарлы-материалдық қорлар;

  • қаржылық инвестициялар.

Материалдық емес активтердің «Гудвиль» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Фирма бағасы» немесе «Гудвиль» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвиль», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвиль» деп аталады.
Материалдық емес активтердің кейбір түрлері активті басқа жақтан сатып алғандығына немесе салық төлеуші ​​жасағанына байланысты жіктеледі. Нормативтерде капиталдау қажет болған кезде анықтауды жеңілдетуге арналған көптеген ережелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет