Нәруыздар (протеиндер) дегеніміз – альфа-аминқышқылдардың қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық биологиялық полимерлер. Ақуыздардың алуан түрлілігі Табиғатта 1010-1012 ақуыздар кездеседі. Осы ақуыздар 106 жануартектес ағзалардың тіршілігін қамтамасыз етеді. Жалпы ақуыздар адам денесінің құрғақ заты массасының 45%-ын құрайды. Бұлшық етте, өкпеде, көкбауырда, бүйректе ақуыздардың үлесіне құрғақ затының 70-80% сәйкес келеді
Құрылымдық (тіректік, пластикалық) қызметі – ақуыздар өсімдіктердің, микроорганизмдердің, жануарлардың денелерінің құрылымын анықтайды және жасушаның, субжасушаның жарғағының құрамына кіреді. Кеңінен танымалы, сүйек оссеині (коллаген), шаш және тырнақ кератині.
Нәруыздардың каталитикалық қызметі
Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жоғары жылдамдықпен жүруін қамтамасыз ететін арнайы ақуыздар.