Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған


Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын сараптау бойынша ұсыныстар



бет26/29
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#27375
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
2.7. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын сараптау бойынша ұсыныстар
Оқу бағдарламаларын сараптаудың мақсаты және мазмұны оның балалардың қосымша білім беру мазмұнына, бейінінің ерекшелігіне, сондай-ақ ұсынылып отырған әдістемелік материал түріне сәйкестігін айқындау болып табылады. Бағдарламаны сараптаудың негізгі принциптері мыналар:

  • ашықтық;

  • жариялылық;

  • бірыңғай талап;

  • педагогикалық этиканы сақтау;

  • білім ұйымдарын дамытуға бағытталғандығы.

Бағалау өлшемдері:

  1. Берілген материалдың жаңалығы мен өзектілігі.

  2. Жұмыстың осы бағыты бойынша мазмұнын, құралдарын, әдістері мен түрлерін іріктеудегі педагогикалық мақсаттылығы.

  3. Ұлттық-аймақтық ерекшеліктерді ескеру.

  4. Тақырыпты даййындауға шығармашылық тәсілді қолдану.

  5. Осы білім ұйымында іске асырылатын жобалардың, бағдарламалардың нәтижелігі.

  6. Баланың дара дамуының мүмкіндігі.

  7. Берілген бағдарламаны, жобалалар мен әдістемелік материалдарды басқа білім ұйымдарында қолдану мүмкіндігі.

  8. Педагогикалық жабдық (инструментарий).

Оқу бағдарламасының жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау барысында:

  • берілген бағдарламаның өзектілігі;

  • бағдарламаның білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қосымша білім нормалары мен талаптарына сәйкестігі (оның қызметі және лайықтылығы);

  • білім ұйымының саясаты (бағдарлама білім алушылар мен тәрбиеленушілерді шығармашылық әрекетке тартуда жалпы жүйенің құрамдас бөлігі болуы тиіс);

  • осы бағыт бойынша білім ұйымдарында қолданыста жүрген басқа бағдарламалармен үйлесімділігі;

  • жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы және келісімділігі;

  • мақсат пен міндеттердің озара байланысы; баланың жеке тұлғасының шығармашылығы мен қабілеттерінің үйлесімді дамуын жүзеге асыру; өз бетінше білім алуға деген сұранысын тәрбиелеу;

  • жетекші теориялық және педагогикалық идеялар, білім мазмұнындағы пәнаралық байланыс; ғылымилық дәрежесі мен практикалық мәнділігі;

  • технологиялығы ( педагогикалық практикада қолдану үшін қолжетімділігі);

  • оқылатын пәннің жалпы педагогикалық принциптері мен тиесілі заңдылықтары : ғылымилық, жүйелілік, қолжетімділік, үдемелі және тұрақтылық, теория мен практика байланысы;

  • мазмұн, білім, білік, дағды және әрекет түрінің озара байланысы;

  • бағдарлама құрылымы; материалды баяндаудағы үйлесімділік ескерілуі қажет.

Іске асырылу мерзімі 2-3ь жылдық бағдарламалар басымдылықпен қолданылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет