МҮМКІНДІК
72
Pepsodent
Ө
ткен ғасырдың 90-шы
жылдары бір кісі
Америкадағы
жарнама
компаниясының
орындаушы директоры Клод Хопкинске жаңа идеямен
келеді. Ол жаңа бір өнім ойлап тапқанын айтады. Егер
Хопкинс оған көмектессе үлкен табысқа кенелетінін
айтады. Ол өнім – тіс пастасы болатын. Хопкинс
жарнама жасаудың шебері еді.
Көптеген өнімдерді
әрбір америкалық отбасы сатып алатын миллион
долларлық тауарларға айналдырды. Оның жетістігінің
сыры - жұмысшылар арасында жаңа әдеттер ойлап табу
қабілеті болатын. Хопкинстің қағидалары компаниялар
мен фабрикалардың негізгі қағидаларына айналды. Бұл
қағидалар қазіргі күнге дейін өнімдердің сатылуына
әсерін тигізіп жатыр. Алайда Хопкинс тіс пастасын сату
фирмаға дағдарыс алып келетінін жақсы білді. Өйткені
ол уақытта тіс тазалайтын
материалдарды сатып
алатындар сирек болған. Кең тараған тіс ауруларына
қарамастан тіс щеткасын қолдану өте сирек еді. Сол үшін
де Хопкинс әлгі кісінің ұсынысын қабылдамай бірнеше
рет қайтарып жібереді. Бірақ табандылығын көрген
кезде оның өнімін таратуға
белгілі бір шарттармен
iqup
73
келісті. Осылайша 5 жылдың ішінде Хопкинс бұл өнімді
әлемдегі танымал заттардың біріне айналдырды. Ол
паста Pepsodent деген атаумен Америкада тез тарап
кетті. 1930 жылы Қытай, Оңтүстік Африка,
Бразилия,
Германия секілді бірнеше елге тарады. Ал 10 жылдан
кейін Америка халқының күнделікті рәсімінің біріне
айналды. Хопкинс тіс тазалайтын
пастаны қолдануды
адамдарға әдетке айналдыру мәселесінде жетістікке
жетті. Ол тұтынушыларға тісті пастамен жууды әдетке
айналдыра білгенімен мақтанады. Яғни, тұтынушыларға
сатып алуға стимул беру арқылы тіс пастасын сатты.
Сонымен қоса тіс пастасын қолданған адамға
сыйлық беріп отырды. Осылайша автоматты түрде
тұтынушыларда әдет қалыптасқан.
Бұл тәсілді видео-
ойын құрастырушылар, тамақ фирмалары,
фаст-фуд
дүкендері әлемдегі миллиондаған сауда ұйымдары әлі
күнге дейін қолдануда.
Хопкинстің жаңалығының намазға қандай қатысы
бар?
Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен Хопкинстің
не істегенін білуіміз қажет. Оның қолданған тәсілі –
адам жанын түсінудегі ғылыми негіз және адамдармен
қарым-қатынас түзу.