Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет597/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   679
Әдебиеттер тізімі
[1] Имжарова З.У., Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н. Критическое мышление в образовательном процессе. Актобе, 2010
[2] Қашықтан оқыту кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалар
[3] Мұғалімге арналған нұсқаулық
[4] Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И. Оценивание учебных достижении учащихся.Бишкек, 2012
[5] Н.Задорожная, И. Низовская. От педагогического опыта к педагогической рефлексии. Бишкек, 2011 http://www.cpm.kz.
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МҰҒАЛІМ – СМАПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ


Бахрадинова Ж.Т., Айтжанова А.И. (Ақтөбе)

Тарихи дамудың әрбір кезеңінде қоғам уақыттың өзіне тән ерекшелігін көрсететін, мамандарды даярлауға қоятын айқын талаптармен алға жылжып отырды. Бүгінде түлек дайындау оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейімен айрықшалануы қажет. Бәсекеге қабілеттілік еңбек жолын жаңадан бастаған жастардың бірінші, ең маңызды сипаттамасы болып қалыптасуда. Өмірдің қарқынды өспелі динамикасы оқыту мен тәрбиелеуден бәсекелестік әрекетке қатысатын және бәсекелестікті өркениетті әдістермен жүргізе білетін, өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлға талап етіп отыр.


ХХІ ғасырдағы адамның бейнесі – жан жақты, шығармашыл, әрдайым өзінің білімі мен дағдыларын кеңейтіп отыратын, бәсекеге түсе алатын, өзін өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып есептеледі.
Сол себептен қазіргі экономикалық нарықта жаңа маман түрін, яғни бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отыратын және бейімделуі жоғары, тез әрекет ете алатын тұлғаны қалыптастыру міндетін шешу талап етіліп отыр. Басында «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы экономикалық категория болса, ал қазір педагогика мен психологияда кеңінен қолданыс табуда. Педагогикада «бәсекеге қабілетті маман» ұғымы «кәсібилілік» түсінігімен қатар қолданылып жүр. Бұл түсінік жеке тұлғалық және кәсіби дамуының нәтижелілігі аясында сұрақтар туғанда пайдаланылады.
Бәсеке қабілеттілік- тұлғалық қасиет, ол әлеуметтік - еңбектік саладағы тәжірибесінде табысты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ал бәсекеге қабілетті маман кәсіпқой, кәсіби еңбектік қызмет саласындағы бәсекелестікті көтере алатын тұлға.
Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мәселесін шешуде, оның жеке қасиетін анықтау маңызды болып саналады. Оларды анықтау үшін келесі сапаларға мән берген жөн (А.В.Гришин):

  • Құзыреттілік – хабардар болушылық, абыройлылық. Еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы, қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі, іс әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі.

  • Ұйымдастырушылық – өзінің және қарамағында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін нақты ұйымдастыра білу, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу қабілеті.

  • Іскерлік - кәсіби қызметіне жаңа инновацияларды енгізуге деген қызығушылығы мен ынтасы, озық технологияларды жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту.

  • Көшбасшылық – әріптестеріне, қызметкерлеріне бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық ету.

  • Бейімдеушілік – жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті, туындаған мәселелерді шешуде тез және нақты жолдарын білу.

  • Әлеуметтік жауапкершілік - жұмысында мемлекеттік және жеке басының мүддесін байланыстыру.

  • Жұмысқа қабілеттілік – қысқа уақыт ішінде көп көлемді жұмыстарды атқару және кәсіби міндеттерін уақытында орындау.

  • Коммуникативтілік – іскерлік келіссөздер жүргізу, адамдармен қарым қатынас жасай білу, өзінің көзқарасын дұрыс жеткізу.

Қазіргі мұғаімдер мына факторларға ерекше көңіл бөлгендері жөн:

  • Жұмысының сапасы мен сенімділігіне (жұмысында нақты және мұқият болу);

  • Кәсіби білімінің тереңдігі;

  • Қабілеті, ынтасы, шығармашылығы (өзіне ғана тән ойы, шешімі, жолы бар; қабілетін үнемі жетілдіріп отыру; ой өрісін кеңейту);

  • Табысқа жетуге талпыну;

  • Білім мен жұмыс тәжірибесі;

  • Ұстамдылық (баса назар аудару қабілеті, қарбаластық жағдайда жұмыс жасау);

  • Мақсатқа талпынушылық және мақсатқа жетудегі жоспарының болуы.

Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті мына 4 ұстаным бойынша бөліп көрсетуге болады:

  1. Біліктілік, кәсіби құзіреттілік, алған білімінің деңгейі;

  2. Мотивация;

  3. Мәдениет (құндылық және даму деңгейі)

  4. Өмірлік бағдары, мінез құлықтық сипаттамасы.

Осы орайда В.И.Андреев былай деп жазады: «...тұлға еңбек нарығында жоғары кәсібилікке және осының негізінде бәсекеге қабілеттілікпен бір мезгілде жоғары рухани-адамгерішілік мәдениетіне қол жеткізуі тиіс»..
Р.А.Фатхутдинов бәсекеге қабілеттілікті қазіргі нарықтағы ұқсас объектілермен салыстыру бойынша олардың нақты қажеттіліктерін шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыру деңгейін сипаттаушы «объект сапасы» деп түсіндіреді. Бәсекеге қабілеттілік қазіргі нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төзімділікті анықтайды.
Бәсекелестікті дамытудың мүмкіндіктерінің бірі ретінде ғалымдар «Үш үштік» бағдарламасын таратуды ұсынады. Олар: денсаулық (денсаулықты нығайтуға мақсатты бағытталу), білім (табыс кепілі - білім) және жақын адамдарға қамқорлық көрсету (рухани-адамгершіліктік мәдениет). Бәсекелік күресте табысты компаниялар өздерінің барлық қызметкелерінің іскерлік және кәсіби өсуінің мүмкіндіктері мен шығармашыл кеңістік беру, өндірістік әлеуетін арттыру секілді өзіндік даму негізінде жоғарылатуға ұмтылған. Бүгінде экономистер бәсеке күресінің табысын басқарудың тиімділігі мен өндіріс мекемелерінен, сападан тікелей тәуелді басқару функциясынан көріп отыр. Бұл мысалы, басқарудың үнемді аппараты, шешім қабылдаудағы жоғары оперативтілік, кәсіби икемділік, жұмысшылардың айқын мотивациясы болып табылады. Бәсекеге қабілетті тұлға  даму процестерінің күрделі динамикасын саналы түсінген және оның жүруі барысына әсер ететін әлеуметтік әрекеттер мен өзгерістердің субъектісі. Дамудың осындай көпқырлылығынан, қабілеттіліктерден, білім мен біліктен іс-әрекеттің алуан түріне белсенді атсалысуы үшін сондай көпбейнелі болу қажеттілігі туындайды. Ол өзіне тек материалды өндіріс сферасын қосып қана қоймай, сонымен қатар адамның өмірлік іс-әрекеті аспектілері ретіндегі дәстүрді сақтау және мәдениетті өзіндік ерекшелігі, коммуникация сапалары мен адамдардың өзара әрекеттестігі, уақытты шығармашылықпен қолдану, өз денсаулығын қамтамасыз ету мен сақтауды кірістіреді. Бәсекеге қабілеттілікті бұртұтас мағынада адамның шешім қабылдауға қабілеттілігі мен оны орындауға жауапкершілік алуы болып түсініледі. «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы адамның физикалық және интеллектуалдық сапаларының жиынтығын, сондай-ақ өмірлік жағдаяттарға өз бетінше және тиімді шешім қабылдай алуды, басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынаста болу үшін жағдай жасауды болжалдайды.
Д.Дьюидің еңбектерінде «еркін кәсіпкерлік» жағдайында «әр түрлі жағдаяттарға ептілік таныта білетін» тұлғаны қалыптастыру идеялары көрініс тапты. Ғалым өмірді бірінші орында, ал оқыту осы өмір себебімен мүмкіндікті деп есептейді. Д.Дьюи қазіргі оқыту тәжірибесіндегі ең басты кедергіні «пәндік мазмұнды әлеуметтік мәнмәтіннен оқшаулау» деп көрсетеді. Ол оқытудың басты мақсатын «жастарды келешектегі міндеттіліктерін орындауға даярлау және өмірде табысқа жету мүмкіндіктерін тарату» деп түсінеді және адамды жүйелі ойлауға күшпен әсер етуге қабілетті ойлаушы қайраткер ретінде қарастырады. Адам өзінің жаратылысындағы осындай қабілеттіліктерінің нәтижесінде табиғаттың басқа жаратылыстарымен табысты бәсекеге түсе алады. Адам өзін-өзі бақылауды, өз әрекеттерін сана елегінен өткізіп, ақылға бағындыра білуді үйренуі тиіс. Тілек ақылға бағынбайды, кездейсоқ жағдайлармен басқарылады.
Педагогикалық тұжырымдамада ағылшындық психолог және педагог-практик Александр Нейлл таңдау еркіндігі идеясын дамытуды алды. Еркіндік А.Нейллдың тәрбие жүйесінде бала тұлғасын дамытудың тәсілі мен шарты болып табылады және ол еркін адам ғана бақытты бола алады деп санайды. Ғалымның педагогикалық көзқарасы тұжырымдаманың басты тезисіне негізделген – білімді балаға өмір сүру үшін беру қажет, ал кез келген адамның өмірдегі басты мақсаты – бақыт. Әрбір адам өзінің негізгі қызығушылығын табуы және өз өмірін сүруі қажет.
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы психологиялық-педагогикалық ғылымға А.Маслоу, О`Делла, Дж.Грейсон, К.Роджерс, Р.Мартенс, Э.Эриксон және т.б. шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне байланысты енгізілді. Гуманистік психология өкілдері адамды өз өмірін белсенді құрушы, таңдау еркіндігіне ие, жеке өмір стилін дамытушы деп пайымдайды. А.Маслоу адамның өзін-өзі өзектендіруге құлшынысы арқылы жан-жақты жетілген тұлға бола алады деген көзқарасын білдіреді.К.Роджерс адамның мінез-құлқын өзін-өзі өзектендіру мотиві ретінде қарастырады. Ол адамға «жеке тұлғасын сақтау және дамытуда өзінің барлық қабілеттіліктерін дамыту тенденциясына ие» деген пікірін білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, тұлға құрылымының негізінде субъектінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасқа түсуінде қалыптасатын және мінез-құлықты өзіндік реттеудің интегралды механизмі болып табылатын «Мен-тұжырымдамасы» жатыр.
Г.Олпорт тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін кемел тұлға феноменіне сараптама жасау арқылы ашты. Ол осы тұлғаны сипаттайтын сапаларды былайша көрсетеді:
- Өзін-өзі дамытуға қабілеттілік;
- жылы, жайдары әлеуметтік қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- Кәсіби қызмет аясына сай біліктілікті, дүниетанымды меңгеру;
- құзыреттілік пен бәсекеге қабілеттіліктің болуы.
Біз бәсекеге қабілеттіліктің қарастырылып отырған феноменін тұлғаның бәсекеге қабілеттілгінін зерттеу мінез−құлық жиынтығы мен оны құраушылардың сапасын қолдану барысында мүмкін болатындығын көреміз. Бұларды сараптау жекелеген жағдаяттар мен қалыптастыруда даму үшін интегралдылықта жеке дамуға бағытталған тікелей түрдегі педагогикалық әсер ету қажеттілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет