Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет616/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   679
Жумашева Қ.Қ. (Актөбе)

Патриоттық тәрбие –барлық тәрбие бастауы. Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі — Отан.


Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке орай нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы балалар тәрбиесінің рөлін түсірді. Әрине мұндай жағдайларды өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмауы анық. Одан шығудың басты жолы-қазіргі білім беріп отырған мектептерде білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу керек.
Қазіргі мектепте патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін - білім ордасы. Мектептің көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Балалар қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады. Ендеше, қазіргі мектеп оқушылары өздерінің тұлғалық кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейі мен шығармашылық потенциалы мен Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру процесіне шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің әлеуметтік саяси, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса мектеп оқушыларының тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды
Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін деген болатын. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болу үшін бәрін де жасайды»-деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, мектептер ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, оқушылар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн. Мектеп оқушыларын азаматтылық патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық мемлекеттік, саяси, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына жолдауында «Оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін ерекше ескерткен.» Олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім тәннің де, жанның дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен. Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы тиіс. Мектепте патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты-балаларды біріктіру, оқушыларға тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру. Оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегінде топтастыру. Бұл ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы – бірлік, өзара көмек, қайырымдылық. Салмақтылық, орнықтылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, жауапкершілік патриоттық тәрбиелеу ағымындағы қазіргі заманғы мектептегі шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалың әлеуметімен тығыз байланысты.Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің мектеп оқушыларының өз талабы, өз ерекшелігі бар.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығына білімі мен әлқуатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған.
Ел Президентінің жолдауында егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ пайымды да, парасатты болсақ өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын талдап, таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар делінген. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу- тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес.
Тәуелсіз еліміздің биікте қасиетті ұғымдарының бірі – отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпы ұлттық идеясының негізі болып табылады. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отаныңды жеткілікті дәрежеде сүюін, ол үшін, қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуін қажет.
Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық париотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді:

  1. Біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау;

  2. Педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамту;

  3. Әртүрлі пәндерде оқытуда отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру;

  4. Қоғамдық өмір нормаларын қастерлеу;

  5. Білім алуға деген жауапкершілікті күшейту.

Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бүған қол жеткізу мүмкін емес.
Біздің мектептің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: оқушылардың рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ оқушылар бойында рухты қалыптастыруға; мектептік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тэрбиелеуге; мектептің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық кұндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; оқушыларды заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты қалыптастырады деген ойдамыз.
Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм оқушылармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Оқушылар бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік.
Біздің мектебіміз барлық күш—жігерін әрбір оқушының бойында өз отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудың тиімді тәлім-тағылымдық жолдарын қарастыру бағытындағы ізденістерін жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет