Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет631/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   679
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Мардаева А.Т. (Ақтөбе)

Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпараттар легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім алу міндетті, бірақ білім берудің жеткілікті мақсаты болып табылмайды. Білім алушылар Қазақстандық білім беру жүйесібағыт алған білім, іскерлік, дағдыларжиынтығын (білім үстемдігін) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Білім алушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (біліктілік)ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану білігін бойына сіңіру әлдеқайда маңыздыболып отыр. Сондықтан да Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасынан ,құрылымы мен мазмұнынан бас тартып, білім алушыларды қоғам өміріне білікті, жауапты әрі шығармашылықпен қатысуға даярлауға бағдарлануда. Тұлғаның тек білімді болуы жеткіліксіз. Білім алу ,білім беру жүйесінің басты мақсаты –өзіне –өзі есеп беріп,ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспарлай алатын жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау.Мұндай қасиетерді бойына сіңірген тұлға ғана жаңа әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен , «Келешекпен кездесуге дайындалу керек.Сол келешектің өзін дайындау қажет. Оның ішінде және бірінші кезекте , сол келешек үшін білім беру жүйесін даярлауқажет»-деп атап көрсетеді академик А.М.Новиков.


Жаңа қоғамда жаһандық білім беру маңызды рөл атқарады. Тұрақты даму үшін жаһандық білім беру –қазіргі кезеңде білім берудің басты бағыты. Жаһандық білім беру –бұл ерекше «метажүйе», онда ұлттық және әлемдік білім беру саясатының мақсаттары қойылады және жүзеге асырылады, мемлекеттер мен олардың білім беру жүйелері араларында тұлғаның даму мүмкіндіктерін барынша кеңейтуге бағытталған ерекше байланыстар мен қарым –қатынастар жұмыс жасайды.Өз жерінің, өңірінің ,елінің қоғамдық өміріне саналы түрде қатысушы бола тұрып,дүние жүзінің жауапты азаматы болу қажет. ХХІ ғасыр проблемаларымен күресуге дайын қоғамның сындарлы мүшелерін тек осылай тәрбиелей аламыз. Жаһандық білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттардан тұрады:
-жүйелерді зерделеу,(экономикалық, саяси, экологиялық, технологиялық)
-адамгершілік құндылықтарды зерделеу, (ортақ және әртүрлі)
-әмбебап проблемаларды зерделеу, (соғыс және бейбітшілік,адам құқығы, қоршаған орта)
-жаһандық тарихты зерделеу,(жаһандық жүйенің, адамгершілік құндылықтардың дамуы)
«Кейінгі онжылдықтар ішінде оқыту системасындағы өзгерістер жаһандық білім беру тенденциялары негізінде өтуде « -деп атап көрсетеді М. Кларин
Білім берудің басты міндеті жеке тұлғаға деген әлеуметтік тапсырысты тәжірибеде жүзеге асыру болып табылады. Әлеуметтік тапсырыс-бұл тұлғалық біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Тұлғалық білікті қалыптастыру ресми және бейресми жолдармен бүкіл өмір бойына жүзеге асырылады. Ресми жолы-ресми оқу және білім алу. Бейресми жолы-өмірлік тәжірибе, бейресми қатынас жасау және қызығушылығы бойынша өз бетінше білім алу. Білікті тұлғаны қалыптастырудың жол картасы кіргендегі біліктілікті белгілеуден (мақсат –нені үйрену), содан соң бағыт таңдаудан –білім берудің (қалай оқу)ресми және бейресми жолы және шығарда –біліктілік пен біліктерді интерференциялау (не істей аламын-мінез құлық дағдысы)
Біліктілікті оқытудың төмендегі маңызды сипатын бөліп көрсетуге болады:
-Білім берудің тұлғалық бағыттылығын күшейту,бұл білім беру процесінде оқушының белсенділігін қамтамасыз ету, оқушының таңдау мүмкіндіктерін ұлғайту және қорытылған таңдау қабілеттерін қалыптастыру қажеттігін тудырады;
-Білім берудің дамытушы бағыты және жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы, тек дамытушы әсері бар білім беру ғана емес, әр балаға дара бағдарланған бола отырып, басты мақсаты етіп оны дамытуды, шынайы алға жылжытуды қоятын білім беру. Бұл ретте білім , іскерлік,дағдылар дербес мақсаттар ретінде болмайды, баланы дамытудың құралы қызметін атқарады. Осыған орай әр жастың өзіндік құндылығы қағидаты ерекше маңызға ие болады,ол белгілі бір жастағы бала мүмкіндіктерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету арқылы және алдыңғы даму кезеңінің жетістіктеріне сүйене отырып ашылады;
-Әр жастағы білім алушылар проблемаларын өз бетінше шеше алатын жаңа қызмет түрлерін меңгеру, проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін меңгеруарқылы жүзеге асырылатын ,әлеуметтік және тұлғалық маңызды проблемалар мен өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге үйретуді талап ету;
-Тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағдарлану, әрбір тұлғаның өзіндік құндылығын, оның бірегейлігін терең түйсіну, даму мүмкіндіктерінің ,өзінің шығармашылық дамытуының шексіздігін ұғыну,ішкі еркіндіктің-сыртқы еркіндікке қатысты өзін шығармашылық дамытуға арналған еркіндіктің басымдығын тану;
Д.Мартенсонның пайымдауынша ,жалпы біліктілікті-бағдарлық дидактикаға тән белгі деп жалпы және кәсіптік білім беруді олардың өзара кірігуі тұрғысынан ажырату мәселелерін есептеуге болады. Жалпы білім беру де ,кәсіптік білім беру де тұлғаның дамуына, қоғам өміріне қатысуына және жұмыспен қамту саласында өз орнын табу қабілетіне бағыт алуы тиіс.Кез келген оқу процесінде және кез келген оқу орнында осы үш құрамдас бөлікті бір-бірінен бөліп алып қарастыруға болмайды.
Еуропалық біліктілік стандарттары (EQF ) ЮНЕСКО-ның (ISCED) Халықаралық стандарттарымен келісіледі, алайда білім берудің сегіз деңгейінен басқа ,білім берудің барлық деңгейлерінде қалыптасатын сегіз негізгі біліктер де көрсетілген.
-Ана тілінде қатынас жасай білу;шетел тілінде қатынас жасай білу, Элементар математиканың дағдыларын және ғылым мен технологияда білігін таныта білу; Джитальды/ақпараттық біліктілікті көрсете білу; оқу іскерлігі; Тұлғааралық,мәдениетаралық, әлеуметтік және азаматтық біліктіліктерді көрсете білу; Кәсіпкерлік дағдыларын таныта білу; Әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құндылықтарды қалыптастыра білу. Ана тілінде қатынас жасай білу-бұл ойларды, сезімдерді және деректерді ауызша да, жазбаша да жеткізу және түсіндіру, сондай-ақ, білім беру және тәрбиелеу, жұмыс, үй және уақыт тәрізді бірқатар қоғамдық және мәдени жағдайларға сәйкес тәсілмен лингвистмкалық ықпал жасау мқабілеттілігі. Ана тілінде оң қатынас жасай білу сын тұрғысынан және конструктивті диалогқа даяр болуды,этикалық қасиеттерді тануды және олар үшін күресуге даяр болуды, сондай-ақ басқа адамдармен өзара ықпалдастықта болуға қызығушылықты білдіреді. Шетел тілінде қатынас жасай білу де ана тілінде қатынас жасай білу сияқты негізгі іскерлікке ие: ол ойларды, сезімдерд іжәне деректерді ауызша да жазбаша да түсіну, жеткізу және түсіндіру, әлеуметтік жағдаятқа сәйкес-үйде, бос уақытта, білім беру мен тәрбиелеуде –біреулердің тілегіне немесе қасиеттеріне сәйкес негізделеді. Адамдардың қосымша құралдарды тиісінше пайдалана білуі, сонымен қатаршетел тілін үздіксіз үйренулері қажет екендігін уақыт көрсетіп отыр.
Математикалық біліктілік-әр түрлі дәрежеде-ойлаудың математикалық нысандары мен ұғымдарын пайдалана білу мүмкіндігі. Адам негізгі математикалық қағидаттар мен процестерді күнделікті жағдайда, үйде, жұмыста қолдана білуі, дәйектемелер тізбегін анықтап,бағалай алуы тиіс. Іскерліктер ғылыми мағлұматтармен қатар, мақсатқа жету үшін техникалық инструменттер мен машиналарды пайдалану және қолдану қабілетін қамтиды. Білік сын тұрғысынан бағалаудың, әуесқойлықтың, қызығушылықтың этикалық мәселелерге қатынасын, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа дегенқұрметті қамтиды-бұл өзіне- өзі, отбасына қоғамға және жаһандық құндылықтарға ғылыми және техникалық ілгерілеуге қатысты болады. Ақпараттық біліктер табиғатты, АКТ-ның күнделікті жағдайдағы: жеке және қоғамдық өмірдегі, жұмыс орнындағы рөлі мен мүмкіндіктерін терең түсінуді және білуді, ақпаратты жинау және қайта өңдеу мүмкіндігін, оны сыни тұрғыдан және жүйелі түрде пайдалануды, оның орындылығын мойындауды, шынайы ақпарат пен виртуалды ақпараттың айырмашылығын, олардың өзара байланысын түсінуді қамтиды.Адамдар өз уақытын тиімді ұйымдастыру және жеке дара немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра білуге тиіс.Оқу іскерлігі ,ең алдымен оқушы үшін қажетті негізгі іскерліктер алуды- сауаттылықты,есептей білу қабілеттілігін талап етеді. Оқушы уақытын өз бетінше оқуға арнауға, өзін өзі тәртіпке келтіруге ,алайда сонымен қатар оқыту процесінің бір бөлігі ретінде әртүрлі топтардан пайда ала отырып,бірге жұмыс істеуге; білгендерін бөлісуге даяр болуға, өз жұмысын бағалай білуге, кеңес сұрауға, ақпарат пен қолдау іздеуге тиіс.Қажетті білімдер адам өмір сүріп ,жұмыс істейтін ахуалды, проблемалар мен мүмкіндіктердікеңінен түсінуді қамтамасыз ететін нәтижелерді қоса алғанда, жеке тұлғалық,кәсіптік қызмет үшін қолжетімді мүмкіндіктерді қамтиды.Іскерліктер мойындау мен танытуды: адамның туа біткен қабілеттерімен және өнер туындылары мен театр қойылымдарынан алаты ләззатымен қоса медиа-құралдардың көп түрлілігі арқылы өзін танытуды қамтиды. Біліктер бұл жерде білімдердің, белгілі бір жағдаятқа тән мінез-құлық қабілеттілігі менқатынастарының комбинациясы ретінде айқындалып тұр. Барлық адамдарға тұлғалық жетілуі мен дамуы, белсенді азамат болуы, әлеуметтік қосылуы және қолданылуы үшін қажетті біліктер негізгілері болып табылады. Бастауыш білім беру мен оқытудың (тәрбиелеудің) соңына қарай жастардың негізгі біліктері ересектер өміріне жеткілікті деңгейге дейін дамытылуға және одан әрі дамуға, сақталуға және үздіксіз білім алудың бөлігі ретінде жаңаланып отыруға тиіс.
Көптеген біліктіліктер ішінара үйлеседі және қиылысады: бір салаға қажетті аспектілер басқа бір салада біліктің дамуына септігін тигізеді. Негізгі тілдік іскерліктегі, сауаттылықтағы,есептеп шығара білудегі және ақпараттық-компьютерлік технологияларды меңгерудегі білік- бұл оқыту үшін елеулі негіз бола алады, ал оқи білу барлық оқытушы қызмет түрлерін қолдап отырады. Осы құрылымға жататындар мен барлық сегіз білік үшін белгілі бір рөл атқаратындардың қатарына сын тұрғысынан ойлау,шығармашылық, бастамашылдық, проблемаларды шеше білу, қауіптерді бағалай білу, шешімдер қабылдау, сезімдерін басқара білу жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет