Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата30.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#199882
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
философия по вопросам
f61fb94655d720
ЕРКІНДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. 
2. Адам 
және оның еркіндігі 
(Б.Спиноза). 
М.Хайдегеррдің шығармаларындағы 
еркіндік 
пен 
ақиқаттың байланысы. 
Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр).
3. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері.
4. Оң және теріс еркіндік.
5. Саяси еркіндік.
6. Ұлттық еркіндік. 
Еркіндік
— адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай 
әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын 
қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. 
Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік 
мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым 
тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен 


мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс 
заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік 
философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті 
субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны 
адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен 
байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды 
білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты 
еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның 
жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. 
Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым.
Еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді, сондықтан олар өзара байланысады. 
Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің 
артуына көмектеседі. 
Еркіндік үшін алғышарт қажет, адам өз әрекетінде еркін, соңғы нәтижесінде қажеттілікке 
тәуелді. Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің орталығында тұр, оған 
жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен анықталады 
және өркениеттілігінің негізгі критерийі болып табылады . Еркіндік бізді күреске итермелейді, 
адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған 
еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды.
Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған 
мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік 
дегеніміз – ерікті күй». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет