Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Тұқымдық бие мен айғыр азықтандыру



бет80/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

4.4.3. Тұқымдық бие мен айғыр азықтандыру

Тұқымдық бие мен айғырларды физиологиялық ахуалына байланысты өзгеретін қоректену мұқтаждығына сәйкес азықтандырады (4.26-кесте).


4.26-кесте.Тұқымдық жылқының қоректік затка мұқтаждығы



Көрсеткіш



Айғыр

Бие

үйірден
тыс кезде

үйірге
түскен кезде

қысыр
кезінде

буаз
кезінде

еміз-ін
(сауыл.) кезде

100 кг т.с. құр. зат,кг

2,2

2,5

2,2

2,5

3,0

1 кг қурғақ заттағы:
-азық өлшемі

0,72

0,80

0,65

0,7

0,8

-АЭ, МДж

7,53

8,37

6,88

7,32

8,73

-қорыт, протеин г

66

94

70

70

87

-ас тұзы, г

2,1

2,4

2,3

2,4

2,4

-кальций, г

4

6

4

4,5

5

-фосфор, г

3

4

3

3,5

3,5

-каротин, мг

8

10

13

15

15

Азықтандыру нормасын қамтамасыз ету үшін айғырға -15-30 кг кокшөп, 4-6 кг сүрлем, 3-4 кг картоп, 3-4 кг тамыржемісті, 6-12 кг пішен, жартысына жуығы сұлыдан тұратын 4-6 кг жем қоспасын, буаз биеге - 35-45 кг көкшөп, 4-6 кг сүрлем, 4-5 кг картоп, 5-7 кг тамыржемісті, 10-15 кг пішен, 2-3 кг жем, құлын емізетін және сауылатын биеге - 45-50 кг көкшөп, 8-10 кг сүрлем, 5-8 кг картоп, 5-10 кг тамыржемісті, 10-15 кг пішен, 3-5 кг жем қоспасын береді.


Биені жасы, тірілей салмағы, зат алмасуына ыкдал ететін буаздық, сауым секілді физиологиялық ахуалына сәйкесазықтандырады (4.27-кесте).
100 кг тірілей салмағына шаққандағы биенің нормалық мұқтаждығы қысыр кезінде - 1,4-1,5 а.ө., буаздығының 3-9 айында - 1,6-1,7 а.ө., буаздығының 9-айынан - 1,8-1,9 құлынын емізетін кезде - 2,0-2,1 а.ө., ал сауылатын болса 2,12-2,15 а.ө. теңеседі. Әр 1 а.ө.-мен 105-110 г қорытылатын протеин, 6-8 г Са, 4-5 г Р, 20-30 мг каротин жеткізілуге тиіс. Биенің бұл қоректік мұқтаждығын өтеу үшін 100 кг т.с. шакқанда - 2-2,5 кг сапалы шалғын және астық-бұршақ тұқымдастар пішенін, 5-10 кг тазартылған тамыржемістілер, белгілі мөлшерде пішендеме, сұлы, кебек, күнжара шроттар береді. Пішенді турап, дәнінің бір бөлігін өндіріп, көктетіп (проращивание), ал сұлы дәнін мыжып берген жөн. Жазда оты шүйгін жайылымда бие басына тәулігіне 30-50 кг көкшөп жегізеді. Әсіресе буаз бие азығы мен суының таза,сапалы болуын қадағалайды. Өйткені сапасыз, ластанған азық, айталық көгерген бұршақ тұқымдастар пішені, суық су биенің ас қорытуын бұзып, іш тастатуы мүмкін.
4.27-кесте.Бие азықтандыру нормасы

Көрсеткіш

Қысыр кезінде

Буаз кезінде

Емізетін кезінде

400 кг

500 кг

400 кг

500 кг

400 кг

500 кг

Құрғақ зат, кг

8,8

11,0

15,0

12,0

12,0

15,0

Азық өлшемі

5,72

7,15

7,0

8,75

9,6

12,0

АЭ, МДж

59,8

75,7

73,2

9,5

100,4

125,5

Қорыт. протеин, г

0,62

0,77

0,7

0,87

104

1,30

Ас тұзы, г

20

25

24

30

29

36

Кальций, г

35

44

45

56

60

75

Фосфор, г

26

33

35

44

42

52

Каротин, г

114

143

150

187

180

225

Ескерту.
1)Сауын бие нормасын әр 1 кг сүтке 0,33 а. ө., 35 г қорытылатын протеин есебімен жоғарылатылады;
2)Жеңіл жұмыс атқаратын бие нормасын 30% жоғарылатады.

Үйірге түсуден тыс кезеңде тұқымдық айғырды орташа қондылықта ұстау үшін оты мол жайылымда жайып, тек қажетті жағдайда қосымша жемдеу жеткілікті. Үйірге түсугедайындау кезеңінен бастап олардың азықтандыру деңгейі менсапасын арттырып, энергетикалық қуаттылығы, протеиндік, минералдық және витамиңдік құнарлылығы жоғары сапалы ірі, шырынды және құнарлы азықтармен азықтандырып,рацион құрғақ затындағы қоректік заттар шоғырлану дәрежесін жоғарыдағы 4.26-кестеде келтірілген деңгейге жеткізеді. Тәулігіне айғыр басына 20-30 кг жайылым отын, 10-12 кг шалғын немесе аралас пішен, 10-15 кг шырынды азық беріп, үйірге түсер кезде олардың мөлшерін біршама азайтады да, орнына сұлы мен арпа, тары, жүгері, бұршақ, күнжара, шроттан құрастырылған құнарлы жем қоспасын беру мөлшерін молайтады.


Үйірге түскен немесе ұрығы алынатынайғыр рационының жалпы қоректілігіне 5-10% көлемінде құнарлы протеин мен витаминдерге бай сүт, көк сүт, ірімшік, қант, ет сүйек ұны, балық ұны, тауық жұмыртқасы секілді жануартектес азыктар қосады. Сұлыны мыжып, тары, жүгері, бұршақты ұнтақтап, арпаны жарып, зығыр дәнін қайнатып, оның суына кебек, күнжара мен шроттарды шылап беруге болады. Қыста сұлының бір бөлігін немесе оның арпамен жартылай араласқан қосындысын көктетіп барып жегізуге болады. Сейтіп, үйірге түсер кезінде айғыр рационының энергетикалық куаттылығын 25 % жоғарылатып, биологиялық құндылығын арттырады.
1-тапсырма.500 кг салмақтағы буаз биенің құрғақ затқа мұқтаждығын есептеп, ондағы қоректік заттар шоғырлану дәрежесін шығарыңдар. Бұл көрсеткіштердің биені жеңіл жұмысқа пайдаланғандағы өсу деңгейін келтіріңдер. Есептелген мұқтаждық көрсеткіштерін буаз бие азықтандыру нормасымен салыстырып, сапалы пішендеме, сұлы дәні мен бидай кебегінен рацион құрастырыңдар.
2-тапсырма. Салмағы 800 кг айғырдың үйірге түсуге дайындық кезеңіндегі құрғақ зат пен қоректік заттарға мұқтаждығын шығарып, айғыр азықтандыруына жұмсалатын жемшөпке жануартектес азықтар қоса отырып рацион құрастырыңдар. Құрастырылған айғыр мен бие рациондарының құрылымын салыстырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет