4.4.1.Жұмыс атын азықтандыру
Aтқаратын жұмысының ауырлық дәрежесі (ауыртпалығы) оған артқан жүк салмағы мен оны тасымалдау қашықтығымен есептелінеді. Аттың жүк тарту күші (сила тяги), әдетте, тірілей салмағының 12-16% шамасында болып, ал ат қатты күшенгенде қысқа мерзімге тіпті 70-100%-ға дейін кетеді, яғни мұндай тарту күшімен тірілей салмағы 500 кг ат 500 кг жүк тарта алады. Денедегі жұмыс атқаруға шығындалған 1 ккал энергияға (жылулыққа) - 425 кг/ммеханикалық жұмыс атқарылады. 70 кг тарту күшімен жұмыс аты... жеңіл жұмыста — 1100 мың кг/м, орта ауырлықтағыжұмыста - 1800 мың кг/м, ауыр жұмыста - 2500 мың кг/м механикалық жұмыс атқарады. Атқаратын жұмыс ауырлаған сайын организмнің энергетикалық қажеттілігі, осыдан барып энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы ұлғаяды. Соған сәйкес аттың азықтандыру нормасы жоғарылайды (4.24-кесте).
4.24-кесте.Жұмыс атын азықтандыру нормасы
Көрсеткіш
|
Жұмыстан бос кезде
|
Атқаратын жұмыс ауырлығы
|
Жеңіл
|
Орта
|
Ауыр
|
Аттың тірілей салмaғы, кг
|
400
|
500
|
400
|
500
|
400
|
500
|
400
|
500
|
Азық өлшемі
|
5,4
|
6,7
|
7,0
|
8,7
|
9,0
|
11,2
|
10,8
|
13,5
|
АЭ, МДж
|
56,5
|
70,3
|
73,3
|
91,6
|
93,8
|
117
|
113
|
146
|
Құрғақ зат, кг
|
9,0
|
11,2
|
10,0
|
12,5
|
11,2
|
14,0
|
12,0
|
15,0
|
Қорытылғанпротеин, г
|
540
|
670
|
700
|
870
|
840
|
1050
|
960
|
1200
|
4.24-кестенің жалғасы
|
Ac тұзы, г
|
22
|
27
|
24
|
30
|
29
|
39
|
47
|
59
|
Кальций, г
|
18
|
22
|
30
|
37
|
37
|
46
|
47
|
59
|
Фосфор, г
|
14
|
17
|
25
|
31
|
29
|
36
|
36
|
45
|
Каротин, мг
|
44
|
56
|
76
|
95
|
92
|
115
|
140
|
175
|
Ескерту.Егер жұмыс атқарылатын жол құмдауыт не батпақты болса бұлмұқтаждық көрсеткіштері - 10%, ал жер жырту, шөп шабу секілді ауыр жұмыстарда - 10-15% өседі.
Ат денесін алып жүруге (перемещение тела) әдетте организмдегі пайдалы механикалық энергияның 25-30% жұмсалады. Атқаратын жұмыс жолы ұзарып және аттың тарту күші азайған сайын денені алып жүруге жұмсалатын энергия шығынының үлесі өсіп, аттың қоректік заттарға мұқтаждығынарттырады. Мысалы, әр 100 кг/км жұмыс атқаруға тарту күші... аттың тірілей салмағының 12-16%құраса - 0,43 а.ө., 6-8% құраса - 0,55 а.ө., 3-4% құраса - 0,80 а.ө. жұмсайды. Алжылқы организмінің нақтылы механикалық жұмыс шығыны бұдан әлденеше жоғары болғандықтан, олар әр 100 кг т.с. шаққанда, жеңіл жұмыс атқаруға - 0,0443 а.ө., орташа ауырлықтағы жұмыс атқаруға - 0,0600 а.ө., ауыр жұмыс атқаруға - 0,0767 а.ө. қажет етсе, әр 1 км жол жүруге... салт мініп өткенде - 0,02 а.ө., жегіп өткенде - 0,03 а.ө. қажетсінеді.
Жұмыс аты азығының 1 а.ө.-де 80 г қорытылатынпротеин, 5-6 г Са, 4-5 г Р, 10-15 мг каротин жеткізілуі тиіс. Ауыр жұмыстағы жылқының терімен денесінен көп көлемде су мен тұз жоғалтылатындықтан, жұмыс атын күнделікті - 40-50 кгтаза сумен және әр 100 кг т.с. шаққанда... жеңіл жұмыс атқарғанда - 6 г, орта ауырлықтағы жұмыс атқарғанда - 7 г, ауыр жұмыс аткарғанда - 9 г ас тұзымен қамтамасыз ету қажет. Қара жұмыс атқаруға механикалық түрде жұмсалатын энергия шығынын уақытылы қамтамасыз ету үшін, жұмыс атының азығында жылдам ыдырап, жеңіл қорытылатын крахмал мен қанттектес көмірсулары мол жемшөптер енгізіліп, атқаратын жұмыс ауырлаған сайын энергиялы жем үлесі 100 кг т.с. берілетін аумақты ірі азықтың - 1,5-2 кг-ға дейін азайтылу есебінен жоғарылатылады. Арықтаған жылқылардың да азықтандыру нормасы құнарлы жем үлесін арттыру арқылы қосымша 3-4 а.ө.-не өсіріледі.
Жұмыссыз кезде жылқыларды жақсы жайылым отына жаю жеткілікті болса, жеңіл жұмыстағы жылқы басына тәулігіне - 35-50 кг көкшөп, 12-16 кг сүрлем, 4-5 кг картоп, 6-8 кг тамыржемістілер, 10-15 кг пішен, 1-3 кг жем; орта ауырлық жұмыстағы жылқыбасына - 30-40 кг көкшөп, 12-14 кг сүрлем, 5-6 кг картоп, 6-10 кг тамыржемістілер, 8-10 кг пішен, 3-5 кг жем; ауыр жұмыстағы ат басына - 20-30 кг көкшөп, 10-12 кг сүрлем, 6-7 кг картоп, 8-12 кг тамыржемістілер, 6-12 кг пішен, 5-8 кг жем жегізеді. Тірілей салмағы мен атқаратын жұмысына байланысты жұмыс атына тәулігіне сұлыны - 8 кг-га дейін, арпаны - 6 кг-ға дейін, тарыны - 4 кг-ға дейін, азықтық бұршақты - 2 кг-ға дейін, зығыр мен күнбағыс күнжарасын - 3,5 кг-ға дейін, кендір күнжарасын - 2,5 кг-ға дейін, мақта күнжарасын - 1,5 кг-ға дейін, бидай кебегін - 4 кг-ға дейін беруге болады.
1-тапсырма. Жеңіл жұмыстагы т.с. 500 кг жұмыс атына шалғын пішені, күнбағыс сүрлемі, азықтық қызылша, сұлы дәні мен бидай кебегінен рацион құрастырыңдар. Рационның құрылымын есептеп, атқаратын жұмысы ауырлаған сайын қай жемшөп үлесі, қаншама ұлғаятынын көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |