2. Бағдарламаның басты мақсаты мен міндеттері. Берілген бағдарлама жалпы білім беретін мекемелердегі әр түрлі жастағы оқушылар арасында суицидалдық әрекеттерді болдырмау үшін алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастыруға арналған.
Бағдарламаның мақсаты оқушыларды өмірге жағымды көзқараспен қарауларын қалыптастыру, яғни адамның саналы түрде бір-бірімен, өзге адамдармен, тұтас қоршаған ортамен тұрақты тепе-теңдікті сақтап қарым-қатынас жасауға үйрету.
Алға қойылған мақсатқа келесі міндеттерді жүйелі шешу нәтижесінде жетуге болады:
проблеманың теориялық аспектісін түрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеу (философия, физиология, психология, социология, педагогика) және ата-аналармен, педагогтармен жұмыс кезінде ақпаратты пайдалану;
шұғыл көмек және қорғаныш қажет ететін балаларды анықтау және алғашқы шұғыл көмек көрсету, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стрестік жағдайдан шығару;
дер кезінде алдын алу және проблеманы тиімді шешу мақсатында психикалық жағдайда, қарым-қатынас кезінде, дамуы мен білім алуы кезінде туындайтын әрбір оқушының психологиялық-педагогикалық дәрежесінің ерекшеліктерін зерттеу;
тәрбиелілік-білім беру үдерісі кезінде және өмірлік қиын жағдаяттар кезеңінде әр түрлі жас тобындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін құру;
балаларға көмек көрсету және олардың заңды құқықтары мен қызығушылығын қорғау үшін түрлі мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту.
қоғамда кездесетін әлеуметтік мінез-құлық ережелерін бойларына сіңіру, социумда құндылықтық қарым-қатынасты дамыту;
«өзіндік менінің» жағымды бейнесін қалыптастыру, тек қана жеке басының ғана емес, өзге адамдардың да қайталанбас және маңызды тұлға екенін түсіндіру.