3. Іс-әрекеттің негізгі бағыттары.
әлеуметтік бейімделуі қиын, бірақ болашақта оны жоюға мүмкіндігі бар оқушылармен жұмыс;
шұғыл психоэмоционалдық қолдау қажет ететін оқушылармен жұмыс;
жайсыз отбасылармен жұмыс.
4. Негізгі ұғымдар.
Өзіне-өзі қол жұмсауға талпыныс – әр түрлі жағдайларға байланысты өліммен аяқталмайтын адамның біртекті іс-әрекеті.
Әлеуметтену – қос бірлікті үдеріс: бір жағынан, сыртқы – адамға қоғамның әлеуметтік институттары мен қоғамдық ахуалдың, адамгершілік ережелері мен мәдени құндылықтардың әсері, адамдардың өмір сүру үлгісі; екінші – ішкі, әлеуметтік қалыптасу үдерісі кезінде осындай әсерді әрбір адамның жеке тұлғалық жағынан игеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |