Ұйымдастыру түрі: топ түрінде.
Тренинг барысы: І-БӨЛІМ. Кіріспе. Суицид мәселесі туралы сұхбат. Өмір- күрес. Бұл тіршілік формуласы. Жеңесің, жеңілесің бұл өмір заңдылығы. Сондықтан мейлінше барлығына дайын болу керек. Жасөспірімдер – қоғамның әлсіз буыны. Тәжірибесіз. Аңғал. Сенгіш. Кез келген оқиғаны жанына жақын қабылдайды. Әлі келмеген, кіші жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста шарасыздық танытады. Түрлі келеңсіздіктерге бой алдырады. Бәлкім, жұрт назарын өзіне аударудың оңай жолы осы деп ойлар. Себебі көптеген ата-ана «бауыр еті» баласы өлімге жүгінгеннен кейін ғана барынша көңіл бөліп, түсінуге тырысады. Кез келген мәселеде ақылдасып, ортақ шешім қабылдап, бұрынғы қатып сеніп қалған көзқарастарын өзгертуге ұмтылады. Бірақ бар мәселе осымен шешіле ме?
Психологтардың пайымдауынша өмірден гөрі өлімді таңдайтындардың 19 пайызы қандайда бір жазадан қорыққандықтан, 18 пайызы жан дүниесіндегі қайғыны көтере алмағандықтан, 18 пайызы отбасындағы жайсыздыққа төзе алмағандықтан, 6 пайызы «махаббат майданындағы» сәтсіздікке көне алмағандықтан көз жұмады екен. Ал жалпы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 50 пайызы жауапсыз қалған махаббаттың құрбанына айналатыны көрінеді.
Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеті күтпеген жерден болуы мүмкін. Әсіресе жас буын қалыптасу сатысында қарсы келген қиындықтарға, кедергілерге шыдай алмай, тез сынып кетеді.
Америкалық зерттеуші Гроллманның пайымдауынша бүгінгі ата-ананың қояр талабы да шектен тыс көбейген. Жеткіншектің жеткілікті білім алуымен карьера жасауына бар мүмкіндік жасалғанын үнемі қайталап санасына салмақ түсірген. Мұндай әке-шеше сенімін ақтай алмаған балалар өзін керексіз санап, өлімге жүгіретін көрінеді.
Статистіктердің санауынша, бозбалаға қарағанда өзін өлімге байлайтын бойжеткен арулардың саны екі есе көп. Бірақ жас қыздар көбіне жеңіл әдіске үйір.Дәріден уланып немесе тамырын қиюға әрекеттенсе, балаң жігіттер тыс қатал үкімге жүгінеді. Яғни суық қару қолданып, биік ғимараттан секіруден тайынбаған. Мұндай жағдайда адамның тірі қалу мүмкіндігі нөлге тең. Сол себепті қыздарға қарағанда, жігіттер арасында қайғылы жағдай 4 есе көп кездеседі. Нашақорлық, жұмыссыздық, өмірлік позицияның қалыптаспауы, түрлі секталардың көбеюі - соңғы кезде жастардың өлімге құштарлығын арттырған. Статистіктердің саралауынша жасөспірімнің 44 пайызы өмірмен түстен кейін қош айтысуды қалаған екен. Ал 24 пайызы- түнде, 32 пайызы соңғы демін таңертеңгі уақыттың еншісіне сыйлапты. Оған қоса, суицидке ұмтылғандардың 60 пайызы томаға-тұйық мінезді, көп ешкіммен араласпайтын балалар көрінеді.
Өмір сүре білу- әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда. «Өз-өзіне қол салу қазіргі төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады.